Гогольдің "Вечера на хуторе близ Диканьки" кітабы Christie's бәссаудасында $ 220 000-ға сатылды.
Кітап 1832 жылы Санкт-Петербург қаласында жарыққа шыққан. Бір басылымдағы екі томдық шығармалар жинағы 175 мың фунтқа бағаланған. Алғашқы құны 50–70 мың фунт деп бекітілген екен. Кімнің сатып алғаны құпия қалды.
Гогольдің замандастары "Вечера на хуторе близ Диканьки" туындысын автор шығармашылығының шыңыға жетелеген алғашқы құнды қадам ретінде бағалады. Өзінің бойына біткен дарыны туралы Гоголь: "Менің шын өмірден және өзіме мәлім дүниелерден ғана алған туындыларым жақсы жазылған" - дейтін. Осылай бола тұра, ол бейнелеген кейіпкерлер шын өмірде жолығатындарға мүлдем ұқсамайтын. Олар адамзат табиғатын аша түсетін тұтас әдеби типаждар еді. Орыстың өзге жазушыларына қарағанда, Гоголь кейіпкерлерінің есімдері тез қолданысқа еніп, жалпы есімге жиі айналатын. Гоголь туындыларын бірнеше мәрте экранизацияланды. Жазушы шығармашылығы бойынша композиторлар опера мен балет қойды.