Қытайдың Тяньцзинь қаласында голландиялық MVRDV бюросы ұйымдастырған футуристік кітапхана ашылған болатын. Ол жергілікті тұрғындар мен туристер көңілін бірден жаулап алды. Бірақ, кейін белгілі болған ақпараттар бойынша сөрелердегі барлық кітаптар шынайы емес болып шықты. Олар бар болғаны суреттер екен.
Кітапхана директоры Сюфэн Людің айтуы бойынша, кітаптар футуристік кітапхананың басқа залында орналастырылған. Ал, орталық залдағы «сурет кітаптар» жобаның ерекшелігі ретінде ескерілуі керек болған. Қалай болғанда да, олар өте әсерлі көрінеді. Кітапхананың да атмосферасы айрықша.