Бүгін адамзаттың жазушысы деп саналатын атақты Федор Михайлович Достоевскийдің туған күні. "Нақұрыс", "Қылмыс пен жаза", "Ағайынды Карамазовтар", Өлі үйден хаттар" және басқа да өлмес шығармалардың авторы. Осы орайда Массагет порталы жазушының шығармаларындағы қанатты сөздерді ұсынады.
***
♦ Адам бақытты екенін білмегендіктен бақытсыз;
♦ Балаларсыз адамзатты соншалықты сүю мүмкін емес еді;
♦ Ғылым пайдалы нәрсені ғана көрсетеді. Тек адал болу ең пайдалы екенін дәлелдейді;
♦ Ештеңеге таңданбау, ақылдың емес, ақымақтықтың белгісі;
♦ Бүкіл әлемді жаулағыңыз келсе, өзіңізді жеңіңіз;
♦ Адам Құдайды емес, кереметтерді іздейді;
♦ Жанашырлық – бүкіл адамзаттың өмір сүруінің ең маңызды және, мүмкін, жалғыз заңы;
♦ Үнсіздік – үлкен талант;
♦ Махаббат – бұл баға жетпес байлық, онымен бүкіл әлемді сатып алуға болады және онымен өз күнәларыңызды ғана емес, басқалардың да күнәларын өтей аласыз;
♦ Сізді басқалар сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізді құрметтеңіз;
♦ Ақымақ адамдар адал адамдарды жақсы көреді;
♦ Шынайылық арқылы қаншама зұлымдықты жоюға болады;
♦ Адам жаратылысынан ақылды, бірақ дұрыс шешім қабылдау үшін бір ақылдың өзі жеткіліксіз;
♦ Басқалар менің қаншалықты азаптанғанымды білмейді. Себебі олар мен емес, басқалар;
♦ Ғашық болу сүюді білдірмейді, бір адамға жек көре тұрып та ғашық болуға болады;
♦ Қорқақ адам қашып кетуден де қорқады, ал қашудан қорықпайтын адамдам қорқақ емес;
♦ Арамза адам ғана бәріне төзеді;
♦ Адам — жұмбақ. Оны шешу керек, ол жұмбақты өмiр бойы шешер болсаң, онда уақытым кеттi деп өкiнбе;
♦ Бүгiнгi күн сен үшiн соңғы күн сияқты етiп өмiр сүру керек;
♦ Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз, былайша айтқанда, сырт киім; ой — киімнің астында жасырынған дене;
♦ Сұлулық әлемді құтқарады;
♦ Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді;
♦ Саған шынымен ең жақын адам – ол, сенің өткен өміріңді білетін, болашағыңа сенетін, қазіргі жағдайың қандай болса дәл солай қабылдайтын адам;
♦ Адам өзінің ақымақтығын мойындаған кезде ғана ақылдылыққа бой ұра бастайды;
♦ Білім мен еңбек қана адамды мұратқа жеткізеді;
♦ Мен зұлымдықтың адам бойындағы табиғи қасиет екендігіне сенбеймін және ешқашан сене алмаймын;
♦ Жаратушыны іздеген адам оны кеңістіктен іздемесін, айналасындағы жұрттың махаббатынан іздесін;
♦ Әлемдегі әр адам жер бетіндегі әр жан үшін өзін жауапты сезінуі керек;
♦ Табиғатты сүймеген адам халықты да сүймейді.