- Негізгі бет
- Әдебиет
- "Фаренгейт бойынша 451...
"Фаренгейт бойынша 451 градус" кітабын оқымас бұрын өртеу керек
"Фаренгейт бойынша 451 градус" – фантаст Рэй Брэдберидің 1953 шыққан туындысы. Роман эпиграфында қағаздың тұтану температурасы – 451 °F (233 °C) деп көрсетілген. Кітапта тұтунышылық ойдан әрі аса алмайтын моральдық тұрғыдан жұпыны қоғам өмірі сипатталады. Мұндай ортада кітап сақтау қылмыс ретінде бағаланып, ұшқыр ойлылар заң бұзушы деген түсінік орын алған.
Роман әлдеқашан көпшіліктің сүйікті туындысына айналып үлгерген. Жақында ғана антиутопиялық "Фаренгейт бойынша 451 градус" романы ерекше форматта қайта басылып шықты.
Super Terrain аталатын франциялық баспа әлемде ең көп оқылатын кітаптардың бірі саналатын Брэдбери романын еш жазусыз қара парақшалармен шығарды. Оны оқу үшін кітапты өртеу керек. Сол кезде ғана қара парақшаларге тиген алау астынан әріптер көріне бастайды. Мұндай ерекше технологияны Ян ван Эйк голландиялық академисының Charles Nypels зертханасы мамандары ойлап тапқан.
Кітап сатылымға келесі жылы шығарылмақ.
А. Оралқызы