- Негізгі бет
- Әдебиет
- Фантастиканың атасы атанған...
Фантастиканың атасы атанған Жюль Верн
Осыдан дәл 192 жыл бұрын, яғни, 1828 жылдың 8 ақпанында дүниеге келген атақты жазушы Жюль Верн есімі фантастиканың негізін қалаушы ретінде қалды. Бір қызығы, оның көптеген идеялары өз заманында тым асқақ қиялға баланса, қазіргі таңда оның көпшілігі ақиқатқа айналды. Ол болжап кеткен дүниенің бәрі қазір адамзат игілігіне қызмет етіп жатыр:
1. Электр үстелі
2. Ұшақ ("Әлемді билеуші" еңбегі)
3. Тікұшақ ("Робур-Жаулаушы")
4. Ғарышқа ұшу, оның ішінде Айға қону да бар ("Жерден айға")
5. Еуропаның орталығындағы мұнара (Эйфель мұнарасы соғылғанға дейін).
6. Планетааралық саяхат ("Гектор Сервадак").
7. Видеобайланыс және телевидение ("Париж XX ғасырда").
8. Түркісб құрылысы ("Ресейден Пекинге").
9. Ауыспалы векторлы күшке ие ұшақ ("Барсак экспедициясындағы шытырман оқиғалар").
10. Суасты қайығы ("Су астында 20 000 лье").
11. Автоматтық қарулар.
12. Электрмобильдер.
13. Хирургиялық трансплантациялар т.б.
Өзіңіз көріп отырғандай, мұндай дәл болжамдарды ғалымдардың өзі айтпаған. Бұл сәуегейлік пе, әлде ерекше данышпандық па?! Оған біржақты жауап айту қиын.
А. Оралқызы