Еврей халқының мақал-мәтелдері

 

Егер проблеманы ақшаға шешу керек болса, ол проблема емес, ол – қып-қызыл шығын. Құдай адамға екі құлақ пен бір ауызды көп тыңдап аз сөйлеу үшін берген. Ақтан ішсең ағынан жарыласың. Адам ең құрмағанда қызығушылық үшін өмір сүруі қажет. Білім адамға ешқашан артық етпеген. Алыстан  көрген адамның бәрі бірдей. Әке-шеше баласын сөйлеуге үйретсе, баласы әке-шешесін жұмған аузын ашпауға үйретеді. Әйелдер аз сөйлесе, ерлер көп нәрсе тыңдырушы еді. Жақсы сөйлегеннен үндемей қалу қиын. Жер жаһан адам санының көптігінен емес, адам болып қалмауынан жойылады. Шаруаның жоқтығы ұлы істерге жетелейді. Адамның жасы келген сайын нашар көре бастайды, алайда кең ауқымда көреді. Барлық адам ақшаның жоқтығына шағымданады, ал ақылдың аздығы туралы сөз қозғамайды.

 

Оқи отырыңыз: 

Таласбек Әсемқұлов. "Үш аяқты ит"

Дастан Омаров: "Мылқау қызға махаббат"

Эмили Дикинсон. Кешігетін болсаң ғасыр өткенше...

Әдебиет саласында алғашқы Нобель сыйлығын алған кім?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: oldtimewallpapers.com