- Негізгі бет
- Әдебиет
- Евгений Евтушенко: Бродский...
Евгений Евтушенко: Бродский қарсы болса, мен қолдаймын
Жақында ғана орыстың ұлы ақындарының бірі Евгений Евтушенко 85 жасқа аяқ басқан шағында өмірден өткені туралы хабарлаған едік. Осы оқиғадан кейін ақынның әдебиетте сіңірген еңбегі мен адами болмысы туралы үлкен пікірталастар орын алды. Евтушенко және оның шығармашылығы туралы ой білдіргендер қатарында әдеби орта өкілі, танымал лектор, ақын, жазушы, әдеби сыншы Дмитрий Быков та болды. Борис Пастернак, Булат Окуджава, Максим Горький және Владимир Маяковский сынды біртуар тұлғалар биографы Быков соңғы сапарына аттанған Евтушенко туралы былай деді:
“Қоғам Евгений Евтушенконы Иосиф Бродскийге қарсы қоятын. Олар өзара соғысушы екі топтың ең үздік шабандоздары болды. Және бұл тек Мәскеу мен Санкт-Петербург топтарына ғана қатысты пікір емес.
Ол топтар қатарында андеграундтық және ресми өнер, эстрадалық поэзия мен интеллектуалды поэзия да бар еді. Бірақ, Евтушенко да өз интеллектуалды поэзиясы мен шиеленісті ойлары жағынан Бродскийден еш кем түспейтін боп шықты.
Евтушенко - Бродский текетіресінен бұлардың бір де біреуі жеңімпаз боп шыққан жоқ. Бродскийді Нобель сыйлығын алғаны үшін ғана бұл соғыстың чемпионы атанды деуге болмайды. Евтушенко тірілер жағында еді, Бродский болса өлілердің жағын қабылдады. Ал, өлілер қашан да көп болатыны белгілі”.
А. Оралқызы