- Негізгі бет
- Әдебиет
- Елордада Жазушылар үйi...
Елордада Жазушылар үйi ашылды
Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Жазушылар одағы астаналық филиалының жаңа ғимараты ашылды.
Ғимараттың ашылу шарасына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, зиялы қауым өкілдері мен жас қаламгерлер қатысты.
"Бүгiн Тəуелсiздiк күнi қарсаңында бас қалада Абай кɵшесiнде орналасқан "Қаламгерлер" аллеясында азаттықты аңсаған үш арысымызға ескерткiш орнаттық. Бұл – бiздiң рухани жаңғыруымыздың бiр белгiсi. Осы игiлiктi шараның жалғасы ретiнде, мiне, жазушылар үйi ашылып отыр. Ɵткен жазда ағаларымыз жазушылардың басын қосып, елдiк мəселелердi, əдеби шығармашылық жұмыстарын талқылайтын, пiкiр алмасатын орын жоқ екенiн айтып, ɵтiнiштерiн бiлдiрген едi. Осы əкiмшiлiктiң ғимараттарын кɵрiп, ɵздерi таңдады. Ендi ɵз шығармаларымызды ɵзге тiлдерге аударуды бастау керек. Мұнда əдеби шығармаларды ɵзге тiлдерге аударатын кабинеттер де қарастырылып отыр. Ɵз тарапымыздан қолымыздан келгеннiң бəрiн жасауға тырыстық", – дедi қала əкiмi Алтай Кɵлгiнов.
Ол сɵз арасында келер жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы ɵтетiнiн кезектi рет еске сала отырып, ақынның шығармаларында айтылған ойын ɵзге тiлдерге дəлме-дәл аудару керектiгiн айтып ɵттi.
Жаңа ғимаратты қала әкімдігі елордалық қаламгерлерге ұсынып отыр. Сондай-ақ қала әкімдігінің қолдауымен материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Екі қабатты ғимаратта мәжіліс залы, кітапхана, баспа редакциясы, шығармашылық қызметпен айналысатын орындар қарастырылған. Оның жалпы шығыны да əкiмдiк тарапынан ɵтеледi.
"Нұр-Сұлтан қаласында бүгiнгi таңда 150-ге жуық Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi бар. Тəуелсiздiк күнi қарсаңында əдебиет əлемiнде үлкен қуаныш болып жатыр. Ең алдымен осы күзде Абай кɵшесiнiң бойында "Қаламгерлер аллеясында" ұлтымыздың үш арысы, бəйтерегi – Сəкен, Iлияс, Бейiмбет сынды тұлғаларымызға əдемi ескерткiш қойылды. Сонымен қоса "Шұбар" ықшам ауданында, екi жағалаудың түйiскен жерiнде Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалына жаңа ғимарат берiлдi. Осыған дейiн мұнда Жазушылар одағының бɵлiмшесi болған. Бiрақ ɵзiне сай ғимараты жоқ едi. Ендi бас қаламызда қанша жазушы болса, бəрi бiр-бiрiмен сұхбаттасып, ой алмасып, бос уақыттарын кɵңiлдi ɵткiзетiн орталық болады. Жазушылар үшiн мұнда жақсы жағдай жасалып отыр", – дедi Жазушылар одағының тɵрағасы Ұлықбек Есдəулет.