Екінші Дүниежүзілік соғыс әлемнің барлық тұрғынына өз зардабын тигізді. Бүгін нағыз қайнаған соғыс жүріп жатқан ортада қалып қойған еуропа тұрғындарының өмірін баяндайтын шығармаларды ұсынамыз.
1. "Остров на Птичьей улице" / "Құстар көшесіндегі арал"
Ури Орлев
Шығарма бірнеше жүлденің иегері атанып, Екінші Дүнижүзілік соғыс туралы үздік кітаптар тізіміне кіреді, кітап желісі бойынша фильмде түсірілген. "Құстар көшесіндегі арал" Варшава көшелерінің қирандылары арасында жалғыз қалған 11 жасар еврей баласының басынан кешкендерін баяндайды.
Бала әзірге күнелтетін баспана іздеп кетеді. Жартылай қираған үйді тауып алып, сол жерді мекендейді. Күн сайын кездесеміз деп уәделескен әкесін күтумен болады. Күн сайын неміс сарбаздары жақындап келеді, ал оның үміті сол күйі өшпейді. Шығарма оқиғалар арқылы рухтың күштілігі мен адам сенімінен артық құдіретті ешнәрсе жоғын көрсетеді.
2. "Зима во время войны" / "Майдан кезіндегі қыс"
Ян Терлау
Бұл кітапта оқырмандар арасында жоғары сұранысқа ие болып, желісі бойынша кино түсірілген болатын. Алғаш рет 1972 жылы жарыққа шықты. Бұл кітап — биографиялық. Бас кейіпкер секілді автор Ян Терлау да қоршауда қалған ауылда өмір сүрген.
Михиль есімді кейіпкер — қарапайым жасөспірім. Соғыс оның күнделікті өмірінің астан-кестеңін шығарды. Әкесін атып тастайды. Бір күні Михиль досынан хат алады. Бұл оған рух беріп, ол өз өмірін құрбандыққа шалып, өзгелерге көмектеседі, адамдарды аман алып қалады. Туынды адамды батыр ететін таңдау құқығы мен адамгершілік жайында. Шығарма соңында кейіпкерлердің бірі Михильге: "Мәссаған! Небәрі он алты жас! Бірақ шашыңның бәрі ағарып кетіпті",— дейді. Бұл арқылы оның қандай қиындықты басынан өткергенін аңғаруға болады.
3. "42 дня" / "42 күн"
Силен Эдгар
Немістер қоршауында қалған Франция, 1942 жыл. Екі ұл бала, үлкені Саша мен оның кішкентай інісі Жакобтан бәрі кенеттен теріс айналады. Сыныптастары оларды көргісі жоқ. Оларды отбасысы Париждан көшуді ұйғарады. Балалар туыстары Жанның үйінде қалады. Ол ақылынан адасқандарды асырайтын пансионның иесі. Бірақ, бұл жер тек ақыл есінен алжасқандар ғана емес, пана іздеген еврейлердің баспанасына айналады. 42 күн ішінде Саша балалықтың біткенін, соғыстың ойын емес, қорқыныш пен өлім екенін түсінеді. Ол енді оңайлықпен берілмей керегін ұғады.