Адам санасын улап алатын мінсіз мистикалық туындылардың авторы Эдгар Аллан По 1849 жылы 7 қазанда бақилық болды.
Жазушы һәм ақынның өмірі онсыз да құпияға толы еді, өмірден өткеннен бергі 170 жыл оған қатысты адам сенгісіз әңгімелер легі бұрынғыдан бетер өршіп келеді.
Сырт келбеті де, өмірге деген көзқарасы да түнектен тыс шықпайтын жаратылыс иесі қырықтан аспай мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Оның ғұмыр жолының қысқа болуына әсер еткен дүние де аз емес еді.
1. Эдгардың сәби кезінде әкесі отбасын тастап кеткен. Кейін анасы қайтыс болады. Сол кезден асырап өсірген Френсис Аллан болашақ жазушы 20-ға қараған шағында өмірден өтеді. Туған ағасы да ерте дүниеден ерте озды.
2. Эдгар өзінің Вирджиния Клемм есімді жақын туысына ғашық болады. 13 жасар қызға үйленгенде бұл 27- ге аяқ басқан еді. Ақынның бағы ма, соры ма, екеуі бір-бірін ессіз сүйетін. Нағыз махаббатпен қосылған жұп еді.
Вирджиния 24 жасында Эдгардың анасы секілді өкпе қабынуынан қайтыс болады.
3. Эдгар Поның 18 жасында алғашқы поэтикалық жинағы жарық көреді. "Темірлан мен өзге де өлеңдер" аталатын кітап бар-жоғы 50 данамен шыққан. Бұл оқиғаның еш елеусіз қалуы жас ақынның еңсесін түсіріп, үлкен соққы болған еді.
Есесіне, осы басылымның бізге дейін жеткен 12 экземпляры аса құнды әдеби жәдігерге айналды. Онда автордың аты-жөні көрсетілмеген болса да, 2009 жылы бір данасы Нью-Йорктегі "Кристис" бәссауда үйінде 662 500 долларға сатылды.
4. Жазушыны жерлеу 3 минутқа ғана созылған. Қоштасуға бас-аяғы 7 адам келген. Олардың өзі "Біз мұнымен тірісінде жақын араласқан ештеңеміз жоқ, өлгеннен кейін де байланысқымыз келмейді"- деген екен.
5. Сәтсіздік ол өмірден өтсе де, артынан қалмай қойды. Поның некрологын қас жауы толтырған, ол былай басталатын: "Эдгар По өлді. Оның өлгені туралы ақпарат көпшілік үшін жаңалық болғанымен, ешкімнің қабырғасын қайыстырмасы анық ". Некролог жала жабу мен ақын аруағына тіл тигізумен жалғаса береді.