Әдебиет саласы бойынша берілетін Букер премиясына ұсынылғандар лонг-лист тізімі жарияланды. Биыл тізімге премия тарихында алғаш рет комикс енгізіліп отыр. Ник Дрнасоның Сабрина аталатын графикалық романы өзге туындылармен бірге бақ сынамақ. Роман жас қыз жоғалып кеткеннен кейінгі 24 сағат ішінде орын алатын оқиғалар мен оны қоршаған адамдардың іс-әрекеті туралы. Біз комиксті оқып шығып таң қалдық. Қазір графикалық романдар әдеби форма ретінде кең қолданысқа түсті. Сабрина әдебиет жүгін көтерердей-ақ роман,- дейді әділқазы алқысының мүшесі Вэл Макдермид. Көптеген туындылардан озық танылып, номинанттар қатарына енген комикс чикаголық мультипликатордың романы. Ол туралы: Роман астарлы әрі минималистік мәнерде жазылған,- деген пікір де айтылды. Сабрина көркем әдебиет формасын өзгертуге әсер етеді деген үміт бар.