Бүгін – нағыз ақын Александр Сергеевич Пушкиннің туған күні. Әлем оның 220 жылдығын атап өтуде. Шындығында, Пушкин де Шекспир мен Абай секілді көп оқылатын, көп насихатталатын ақын. Сол себепті оған қатысты "ақ дақтар" жоқтың қасы. Ол туралы қалың жұртқа беймәлім дүние ұсынып таңқалдыра алмайсың. Десе де, төменде келтірілген кей мәлімет оған деген қызығушылықты одан бетер арттырары анық. Ендеше, назар салыңыз:
1. Пушкин есін 4 жасынан білген. Ол өзінің кішкене кезінде жер қозғалып, бағаналар тербелгенін айтатын. Ал Мәскеудегі соңғы жер сілкінісі 1803 жылы болған.
2. Пушкин 8 жасынан бастап француз тілінде өлең шығарған.
3. А.С.Пушкиннің арғы аталары Эфиопия жерінен. Сол себепті, 2002 жылы Аддис-Абеба қаласында ақынға арналған ескерткіш орнатылды. Мәрмәр таста "Біздің ақынға арналады" деген сөздер қашалып жазылған. Аталған қалада Пушкиннің арғы атасы Ибрагим Петрович Ганнибал тұрған. Оны түрік сұлтаны Петр I –ге сыйға тарқан екен. Ескерткіш қаланың ортасындағы Пушкин атындағы көшеде орналасқан.
4. Ресми деректер бойынша Ресейде Авраам Ганнибалмен туыстық қатынасын дәлелдей алатын 800 адам тұрады.
5. Л.Н. Толстойдың атақты "Анна Каренина" романын жазуын А.С. Пушкиннің М.А. Гартунг есімді қызының тағдыры түркі болған.
6. 1816 жылы "Жаратушым, патшаны сақта" аталатын ағылшын әнұраны Ресейдің әнұранына айналды. Оны орыс тіліне Жуковский аударған, ал Пушкин аударманы толықтырған деседі.
7. Соңғы дуэлінің алдында Пушкин әйелінен "Кімді жоқтап жылайсың?" -деп сұрапты. Әйелі болса: "Кім өлсе, соны" - деп жауап беріпті.
8. Дантеспен болған дуэль ақын өміріндегі 21-ші жекпе-жек еді. Солардың 15-іне Пушкиннің өзі шақырған. Бірақ 15-тің тек 4-еуі ғана толыққанды өткен, қалғандары екіжақты келісімге байланысты орын алмаған.
9. "Балықшы мен балық туралы ертегі" атты туындыны жазуға ағайынды Гриммдердің "Балықшы мен оның әйелі" ертегісі себеп болған. Пушкин ертегісіндегі тойымсыз кемпір теңіз иесі боламын деген ниетінен кейін соқыр тиынсыз қалса, Гриммдердің кейіпкері Рим Папасы болады, кейін Жаратушы боламын деген ниетін айтқан кезде ғана құрдымға ұшырайды.
10. Гогольдің "Ревизор" атты туындысының идеясын Пушкин айтқан деседі.
11. А.С. Пушкин француз, ағылшын, итальян, испан, латын, грек және славян тілдерін білген. Басқаларын да өмір бойы үйренумен болған. Оның жеке кітапханасында 3560 том кітап болған.1522 кітаптың 529-і орыс, ал 993-і өзге 14 тілде болған екен.
12. Пушкиннің 1825 жылы жазылған "Я помню чудное мгновенье..." өлеңі Анна Керн есімді бикешке арналғаны белгілі. Ал, содан 15 жыл өткеннен кейін Глинка өлеңге музыка жазып, оны Керннің қызы Екатеринаға арнағанын біреу білсе, біреу білмейді. Глинка да Пушкиннің күйін кешкен көрінеді.
13. Пушкиннің 4 баласы болған: Мария, Александр, Григорий және Наталья, солардың тек екеуі (Александр мен Наталья) ғана ұрпақ қалдырған. Қазіргі таңда ақын ұрпақтары Англия, Германия, Бельгия т.б. елдерде тұрады. 50-ден астам ұрпағы Ресейде өмір сүріп жатыр. Әсіресе, Татьяна Ивановна Лукаш ханымның есімі елге таныс. Оның әжесі (Пушкиннің немересі) Н.В. Гогольдың немере жиенінің жұбайы екен.
14. Пушкиннің құрметіне шағын ғаламшарға "2208 Pushkin" атауы берілген.
15. Ақын 13 жасында поэзияға аяқ басқанын айтады.