Бүгін қазақтың ұлы ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, күйші Жұмекен Нәжімеденовтің туған күні. Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 1935 жылғы 28 қарашада Атырау облысының Құрманғазы ауданы Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін. Алғашқы өлеңі Лениншіл жас газетінде 1955 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы Балауса деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның Сыбызғы сыры (1962), Өз көзіммен (1964), Жоқ, ұмытуға болмайды! (1965), Жарық пен жылу (1966), Күй кітабы (1967), Мезгіл әуендері (1968), Ұлым, саған айтам (1970), Қызғалдақ жайлы баллада (1971), Мен туған күн (1972), Жеті бояу (1979), Шуақ (1980), Ашық аспан (1981), Темірқазық (1982), Қыран-қия (1984), Менің топырағым (1985), Ұрпағым, саған айтам (1988), Мен тамырмын (2001), Қасірет пен қайсарлық (2001), Жаңғырық (2003) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Үш томдық өлеңдер мен дастандар жинағы 1996-1997 жылдары, екі томдық өлеңдер жинағы 2005 жылы жарық көрді. 2002 жылы Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы сериясымен Жұмекен атты жинақ басылып шықты. 2005 жылы Менің Қазақстаным (2005) атты кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Ақынның өміріндегі елеулі жылдар:1954 жылы Нұржау кеңесіне қарасты Ленин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Жас қайрат сегізжылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген.1955-56 жылдары Қарағандыдағы № 33/34 шахтада комбайнердің көмекшісі болып істеді.1956-59 жылдарыҚұрманғазы атындағы Алматы консерваториясының халық аспаптар бөлімінде (домбырадан) дәріс алды.1959-74 жылдарыЖазушы баспасының редакторыЛениншіл жас газетінде бөлім меңгерушіҚазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші1974-78жылдары Қаз.КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы1978-83жылдары Мектеп баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.Қаламгер проза жанрында да қажырлы еңбек етті. Оның қаламынан Ақ шағыл (1973), Кішкентай (1975), Даңқ пен дақпырт (1977) атты романдар туды. Ақынның әңгімелері мен повестері, хикаяттары мен сын мақалалары топтастырылып, 2005 жылы Аспан шақырады деген атпен басылып шықты. Жұмекен Нәжімеденов асқан күйші болатын. Оның Күй кітабы атты шығармасының негізінде 2006 жылы аудио-кітап жарыққа шықты. Аудиокітапта ақынның күй құдыретін түсіндірген өлеңдері және өнер қайраткерлерінің орындаған туындылары қатар өріліп, тыңдарманына тарту етілген. Сонымен бірге 2005 жылы ақынның сөзіне жазылған әндер топтастырылған Жұмекен Менің Қазақстаным деген әндер жинағы басылды.Ақынның орыс тіліне аударылған Весенние ветры (1969), Мое рождение (1982), Тебе говорю, потомок (1986), Солнцеворот (1994) атты өлеңдер жинақтары басылды. 2003 жылы Санкт-Петербург қаласында орыс тіліне аударылған таңдамалы өлеңдері топтастырылған Я есть атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрді. Жұмекен Нәжімеденов аударма саласында Сағдидың Бустан дастанын, Түрік ақындарының өлеңдерін, А. Блоктың Зауал дастанын, М. Лермонтов пен В. Маяковскийдің көптеген өлеңдерін, А. Вознесенскийдің шығармалар жинағын қазақ тіліне аударды.Ақын 1963 жылы Москвада өткен Жас жазушылардың IV конференциясына делегат болып қатысты. 1967 жылы Ұлы Отан соғысындағы қасіретті жырлаған Жоқ, ұмытуға болмайды! деген дастандар жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Жұмекен Нәжімеденов 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі. Ақын 1983 жылы өмірден өтті. 2010 жылы Менің Қазақстаным атты жыр жинағы үшін Жұмекен Нәжімеденовке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (қайтыс болғаннан кейін) берілді.