Бүгін – "магиялық реализм" өкілі, "Нобель" сыйлығының лауреаты (1982 жыл) Габриэль Гарсиа Маркестің туған күні.
Габриэль Гарсиа Маркес (Gabriel José de la Concordia "Gabo" García Márquez) 1928 жылы банандар порты Аракатакада 16 перзенттің тұңғышы болып өмірге келген. Алғашқы шығармалары 1947 жылдан бастап жарияланған. Туған жері Аракатакаға ұқсайтын Маконданы бейнелеген “Үзілген жапырақтар” (1951) повесінен бастап, жалғыздық сарыны Маркес шығармашылығының басты тақырыбына айналды.
Ол Латын Америкасында әр түрлі газеттерде тілші қызметін атқарған. Көптеген Еуропа елдерін аралады. 1961 жылы Мексикаға барып, “Қайырымсыз мезет” романын аяқтады. 1962 жылы “Үлкен шешені жерлеу” атты шығармасы, 1967 жылы “Жүз жылдық жалғыздық” романы жарыққа шықты. Жарты миллион данамен таралған аталған романында Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы Латын Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетілді. Жазушының “Жүз жылдық жалғыздық” романы қазақ тіліне аударылған.
Габриэль Гарсиа Маркес 2014 жылдың 17 сәуір күні Мехико қаласында 87 жасқа келіп қайтыс болды.