- Негізгі бет
- Әдебиет
- Бүгін – Бауыржан...
Бүгін – Бауыржан Момышұлының туған күні
Бүгін даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлының туған күні. Момышұлының мірдің оғындай нысанаға дәл тигізер сөздері бүгінде халық арасында кең тарап, қанатты сөзге айналып кетті. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға баһадүр бабамыздың қанатты сөздерін ұсынуды жөн көріп отырмыз.
* Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.
* Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.
* Үміт - өрге тартады, үмітсіздік - көрге тартады.
* Батылдық – есеппен қимылдауды тәуекелмен ұштастыру. Тәуекел есеппен ақталады.
* Жерге - тер төгіп, халыққа - қан төгіп қызмет етуден тайсалма!
* Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір.
* Ептілік те - ерлік.
* Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол.
* От басының өнегесі - Отан өнегесі.
* Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!
* Халықтық тәжірибе - бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына.
* Қайратты әдісіңе жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
* Сұлу сөзге құл болма - зерлі ой онда көп болмас.
* Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
* Үмітін жоғалтқан жан - ешқашан үміттеніп көрмеген жан.
* Сабырлық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
* Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.
* Тіл - елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш.
* Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу - шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.
*Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық.
* Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә.
А. Жапатова