- Негізгі бет
- Әдебиет
- Борис Стругацкийдің қанатты...
Борис Стругацкийдің қанатты сөздері
Совет жазушысы, қиял-ғажайып романдардың авторы Борис Стругацкийдің қанатты сөздерін назарға ұсынамыз.
1) Жылдың 83% күні бірдей басталады: сағат қоңырауы шырылдады.
2) Біз біраз жыл бойы жанымызды бос әңгімеге толтырып аламыз, ал нағыз керек адаммен кездескенде сөйлесуге уақыт таппаймыз.
3) Бәрі дұрыс: адамға ақша ешқашан олар туралы ойламау үшін қажет.
4) Қуаныш толқындарының қаншалықты тез өтетіні қызық. Өзімізді тістеп,уайымдап, қуанышқа себеп іздеп алысамыз, ал қуаныш кенеттен келіп, кетеді.
5) Қасқыр бөлтіріктеріне: "Мен сияқты тісте", — деп, қоян көжектерге"Мен сияқты қаш" деп үйретеді. Бірақ адам баласына "мен сияқты ойла" деп үйретсе қылмыс.
6) Cөзсі бәрі түсінікті кезде, неге үнсіз қалмасқа?
7) Бар адамға күмәнмен қарағанша, бір адамнан бірнеше рет опық жеген жөн.
8) Қия — бағасыз нәрсе, бірақ оған ішке өтуге мүмкіндік бермеген дұрыс.
9) Олардың арасында ешкім бақыттың не екенін және өмірдің мәні неде екенін нақты білмеді. Бақыт — белгісіз нәрсені үздіксіз білу және өмірдің мәні де сол деген әдеттегі болжамды қабылдап үйренді.
10) Болашақты сөз еткеннен не пайда? Оны айтпау керек, оны жасау керек.
Т. Есқали