Бұл жазушылық шеберлікті иемденгісі келетіндерге жай ғана кеңестер емес, бұл ХХ ғасырдың ұлы жазушыларының бірінің жүріп өткен өмір жолы мен өмір салты жайлы естеліктері. Біз сіздерге Рэй Брэдберидің 2001 жылы әдебиет симпозиумінде қалай жазушы болуға болатынын әңгімелеген монологының ішінен, таңдап алынған бірнеше қанатты сөздерін ұсынамыз.
«Романдардан бастамаңыз. Романдар тым көп уақыт алады. Жазушылық өміріңізді күнделікті қысқа әңгімелер жазумен бастаңыз. Көп жазсаңыз өзіңізге жақсы». Брэдберидің өзі «Фаренгейт бойынша 451 градус» романын жазып шыққанға дейін осы бағытта 30 жыл бойы еңбек еткен.
«Ұлы жазушыларды жақсы көруге болады, бірақ дәл солардай болу мүмкін емес. Сүйікті авторларыңызға саналы түрде, кейде бейсаналы немесе шарасыз түрде ұқсағыңыз келгенде осыны ескеріңіз». Жас Брэдберидің сүйікті авторларының тізімінде Герберт Уэллс, Жюль Верн, Артур Конан Дойл, Лаймен Фрэнк Баум болған.
«Жақсы әңгімелердің сапалы компоненттерін зерттеңіз». Брэдбери Роальд Даль, Ги де Мопассан, Найджел Нил, Джон Кольер сияқты авторлардың шығармаларын зерттеген. The New Yorker журналының сәнді замандастарын мэтр Брэдбери «ауыспалылықтың жоқтығынан» жақтырмаған.
«Басыңызды біліммен толтырыңыз». Брэдбери төсекте жатып оқығанды жақсы көрген. Ұйықтар алдында ол білімін жетілдіру үшін сапалы бір әңгіме, поэзия («Поуп, Шекспир, Фрост және ешқашан заманауи шығарма»), археология, биология, зоология, философия, политология, әдеби сыннан қандайда бір ғылыми очерктерді оқыған. «Мың бір түннен кейін Құдайға ризашылығыңызды білдіресіз, басыңыз өз бетінше пайдалы жүкпен толығады».
«Дарыныңызға сенбейтін достарыңыздан аулақ жүріңіз. Арман-мақсаттарыңызды біреулер мазақ ете ме? Кідірмей оларды есіктен шығарып жіберіңіз!»
«Компьютерде емес, кітапханада өмір сүріңіз!» Брэдбери жоғары білім ала алмаған. Колледждің орнына, ол өзі айтпақшы «кітапхананы бітірген». 28 жасына дейін ол «сапалы өзін-өзі оқыту» біліміне ие болған.
«Кинофильмдерді жақсы көріңіз – әсіресе ретро».
«Қуанышты көңіл күйде жазыңыз. Әдебиет – бұл байсалды жұмыс емес. Егер шығармаңыз зеріктіретін еңбек сияқты буындырып тұрса, оны қоқысқа лақтыра салыңыз да, жүрегіңізге жылу сыйлайтын жаңасын бастаңыз. Оқырмандар, Рэй Брэдбери шомылып жүрген шаттыққа қызыға қараңыз!»
«Пайда көремін деп ұмтылмаңыз». Брэдберидің әйелі «кедейлікке зарланбаймын деп ант еткен». Тұңғыш көлігін ерлі-зайыптылар 10 жылдан кейін ғана сатып ала алған. Жазушы жүргізуші куәлігін сол күйі ала алмады.
«Жақсы көретін және жеккөретін 20 заттың тізімін жасаңыз. Алғашқы оны жайлы 10 шығарма жазыңыз. Ал «қара ондықты» басқа 10 шығармаңызда өлтіріңіз. Қорқыныштарыңызбен де дәл солай істеңіз».
«Кез келген естелік қағазға түсуге лайықты. Шығармашылық тығырықтан шығудың бір амалы: қашқысы келетін адам үшін ғана ол іске асуы мүмкін – деген ауызша ассоциацияны еске түсіру».
«Сізбен кездескен уақытта: «Мен сізді жазушы болғандығыңыз үшін ғана жақсы көремін!» дейтін адамдар үшін жазатыныңыз есіңізде болсын. Егер бұл межеге жете алмай жүрген болсаңыз, онда сіз кездескенде: «Сіз анау айтқандай ақымақ емес екенсіз ғой!» дейтін оқырмандар үшін жазып жүрсіз.
Дереккөз: bilim-all.kz