Фатима! Амансыңдар ма? Саған 30-шы апрельде жазған хатымда шығуға үмiтiм бар деп жазып едiм. Сол жазғаным жазған. Осы майдың онына шейiн шығып қалармын деген үмiт зор. Бiздiң жұмыспен ұсталған адамдардан 14 адамға бес жылдан жер аударылуға кесiк майдың үшi күнi iшкi Ресейдегi Воронеж қаласына жүрiп кеттi. Ол кеткендердiң iшiнде: Жұмақан, Алдаберген тағы басқалар бар. Кесiк естiртiлмей үш адам қалып отырмыз. Соның бiреуi мен. Ұзынқұлақ хабарға қарағанда, бiздi босатуға ұйғарған бiлем. Қай қалыппен, не түрде босатар, оны келешек көрсетер. Қалай болғанда да еркiндiкке шығарады ғой деп отырмыз. Менiң ана хатымды алған соң, сендер де шыдамай отырған шығарсыңдар. Оразаның 29-ын тұтып, бiрi қалғанда асықпай-ақ қоя тұрыңдар. Игiлiктiң ерте-кешi жоқ қой. Бұл хат барғанша Мәжит берi қарай шықпаған болса, оның келмей-ақ қойғаны да жарар. Маған телеграммамен довостребования қылып, бiрер жүз сом ақша жiберсеңдер де теріс болмас. Аман шыға қалсам, бұл жақтағы жұмыстарымды өлкелiк ұйымдармен бiр жайлы қылып алмай кеткенiм жарамас деп отырмын. Ақсақал әлi осында. Артық жазарлық сөз жоқ. Аман-есен жолыққанша қош! Біләл. 6-шы май, 1932 жыл