Биыл Билл Гейтс оқуға қандай кітаптар ұсынды?

Биыл Билл Гейтс оқуға қандай кітаптар ұсынды?
Фото: Gates Notes

Билл Гейтс оқуға кеңес беретін кітаптардың жыл сайынғы тізімін жариялады. 2021 жылы Microsoft негізін қалаушының дәстүрлі тізіміне екі ғылыми-фантастикалық кітап, екі танымал шығарма және бір тарихи фантастика енген.

“Клара мен Күн”, (Klara and the Sun) Казуо Исигуро


“Клара мен Күн” – күн энергиясымен жұмыс істейтін Клара есімді андроидтің оқиғасы. Клараны ауыр науқасқа шалдыққан қызына серік болсын деп бір ана сатып алады. Роман Америка Құрама Штатының утопиялық болашағын баяндайды.

Гейтстің айтуынша, Исигуро кітабындағы роботтар зұлым күштер емес. Керісінше, олар адамдарға серік болады. 

“Бұл кітап мені өте интеллектуалды роботтардың өмірі қандай болатыны туралы ойлануға мәжбүр етті”, - деп жазды Гейтс.

“Мария жасасын” жобасы (Project Hail Mary), Энди Уир

Романның бас кейіпкері – жұмбақ ғарыш кемесінде оянып, ол жерге қалай жеткенін білмейтін орта мектеп мұғалімі.  Билл Гейтс бұл романды барлық фантастика әуесқойларына ұсынады. Кітапта мұғалім мейірімді жат планеталықпен бірге күн жүйесін  жұтатын микроорганизмдерден құтқаруға тырысады. Гейтстің айтуынша, бұл демалыс күндері  оқуға таптырмас кітап.

Мың ми: интеллекттің жаңа теориясы, (A Thousand Brains: A New Theory of Intelligence)  Джефф Хокинс

Хокинс адам миының қалай жұмыс істейтінін және шынайы жасанды интеллект жасау үшін не қажет екенін талдайды. "Мың ми" информатика мен ми ғылымында тәжірибесі жоқ оқырмандардың кең ауқымына арналған. Кітап мидың архитектурасы және интеллектуалды машиналар болашағы туралы қызықты кітап.

Код бұзушы: Дженнифер Доудна, генді өңдеу және адамзат нәсілінің болашағы, (The Code Breaker: Jennifer Doudna, Gene Editing, and the Future of the Human Race) Уолтер Айзексон

Бұл CRISPR геномын өңдеу әдісін жасағаны үшін химия бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығының иегері биохимик Дженнифер Дуднаның өмірбаяны. Кітапты Стив Джобстың өмірбаянын хатқа түсірген Айзексон жазған. Гейтстің айтуынша, шығарма Дуднаның ғылыми мансабы мен ашқан жаңалықтары туралы жай ғана әңгіме емес.

Кітап гендік редакциялаудың әлеуетті қолданбаларын, мысалы, қан ауруларын емдеуді егжей-тегжейлі қарастырады. Гейтс CRISPR “кейінгі онжылдықтағы ең керемет және мүмкін ең маңызды ғылыми жаңалықтардың бірі”, - дейді.

Дегенмен, CRISPR ғылыми қоғамдастықтың үлкен бөлігінде, негізінен, моральдық мәселелерге байланысты терең қайшылық тудырады. 

“Айзексон генді редакциялаудың ең маңызды этикалық мәселелерін көрсетуде жақсы жұмыс істейді”, - дейді Гейтс. 

Атап айтқанда, бұл кітап болашақ ұрпақ үшін адам ген қорын өзгертуге қатысты.


“Хамнет” (Hamnet), Мэгги О'Фаррелл

Шекспирдің Хамнет есімді жалғыз ұлы белгісіз себептермен 11 жасында қайтыс болған. Өлімнің кең тараған нұсқасы "бубонды оба" деп аталады. Үш жылдан кейін Шекспир "Гамлетті" жазды. Мэгги О'Фарел “Хамнет” романында баладан айырылу әлем әдебиеті тарихындағы ең көрнекті трагедияның жасалуымен қалай байланысты болуы мүмкін екенін талқылайды.

“Егер сіз Шекспирдің жанкүйері болсаңыз, әке махаббаты оның ең әйгілі пьесаларының бірін жазуға қалай әсер еткені туралы әсерлі романды ұнатасыз. Меніңше, бұл қайғының отбасын қалай ойрандап жатқанын көрсететін әдемі шығарма”, - дейді  Гейтс.

Т. Раушанұлы