- Негізгі бет
- Әдебиет
- Билл Гейтс жазда...
Билл Гейтс жазда оқуға ұсынатын 5 кітап
Microsoft компаниясы негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс жазғы демалыс күндеріне арналған кітаптар тізімін жасады. «Жаз — жағажайға, тауға баруға, кітап әлеміне бойлауға арналған мезгіл. Ұсынылып отырған кітаптар менің санамды жаңғыртып, тәжірибе берумен қоса, жаңа бейтаныс әлемдермен таныстырды»,– дейді Гейтс.
1. «Қылмыскер боп туған», Тревор Ной. «Белгілі комик әрі The Daily Show бағдарламасының жүргізушісі терінің түсіне қарағанда тіл әлдеқайда күшті құрал екенін ерте түсінген».
2. «Тірілерді жөндеу», Мейлис де Керангаль. «Керангальдің туындысын проза дегеннен гөрі, поэзия деген жөн болар. Роман сюжеті жол апатынан қаза тапқан жасөспірімнің жүрегіне ота жасау туралы. Кітапты жұбайымның кеңесімен оқып шықтым».
3. «Ауылдық элегия», Джей Ди Вэнс. «Вэнстің әкесі отбасын тастап кеткен, ал анасын баласының тәрбиесі мүлдем қызықтырмаған. Сол себепті, бала атасы мен әжесінің қолында өседі. Басты кейіпкер өзінің кедейшілікте өткен балалық шағы туралы әсерлі әңгімелеп береді».
4. «Ертеңгі күннің қысқаша тарихы», Юваль Арари. «Араридің ойынша адамның мәңгілік өмір сүріп, әулиелікке бастар жолы үнемі бұрылыстар мен қиылыстарға толы. Тіпті, теңсіздік пен әділетсіздік те байқалады. Бірақ, меніңше, теңсіздіктен құтылуға болады».
5. «Толыққанды өмір: 90 жастағы толғамдар», Джимми Картер. «Американың бұрынғы президенті 20-дан астам кітап жазып үлгерген болса да, оның бұл кітабында бұрын беймәлім болған, тың дүниелер баршылық».
А. Оралқызы