Кез келген автор өз кітабының сатылымы жоғары болғанын армандайды, бірақ, оған әсер ететін қандай факторлар бар екенін біле бермеуі мүмкін. Солтүстік-Шығыс университетінің зерттеушілері бестселлер кітаптардың ерекшеліктерін зерттеді.Алдымен, белгілі бір заңдылықты анықтау үшін ғалымдар статистикалық мәліметтердің көмегіне жүйенді. 2008-2016 жылдар аралығында The New York Times жинақтаған бестселлер кітаптардың тізімін алып, сатылым мөлшеріне назар аударды. Олардың ішінде 2468-і көркем әдеби шығарма болса, 2025 нон-фикшн жанрында жазылғаны анықталды.Біріншіден, оқырмандар беллетристика мен биография жанрындағы кітаптарды жиі сатып алатыны белгілі болды. Екіншіден, көркем әдеби шығарма публицистикаға қарағанда жиі сатылатыны анықталған. Дегенмен, аз мөлшерде сатылса да, публицистика жанрындағы кітаптар көшбасшы кітап ретінде ұзақ уақыт сақталған. Мысалы, Лаура Хилленбрандтің Unbroken: A World War II Story of Survival, Resilience and Redemption атты кітабы 203 апта бойына бестселлер ретінде оқымандарға ұсынылса, Кэтрин Стокеттің Прислуга романы үздіктер тобында небәрі 131 апта тұрған.Жетістіктің басты 3 критерийі: автордың жазу стилі мен атын мойындайтын аудитория, олардың сатылым мөлшері және кітаптың жарыққа шыққаннан кейінгі уақыты. Кітап неғұрлым ұзақ уақыт кітап сөресінде қалса, соғұрлым оның бестселлер атану мүмкіндігі азаяды.Одан бөлек, зерттеушілер мынадай қызықты заңдылық барын алға тартты: атақты романдардың авторы көбіне әйел адам болса, деректі (документальный) оқиғаға құрылған кітаптардың авторы ер адамдар.Осы уақытқа дейін қандай бестселлер кітапты оқыдыңыз?