АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың "Уәде етілген жер" (A Promised Land) кітабы президенттер жазған естеліктер арасында бестселлерге айналуы мүмкін. Аталмыш кітаптың 890 мың данасы бір күнде сатылды. Бұл шығармада Обаманың Сенаттағы және президент ретіндегі қызметі туралы баяндалады.
18 қарашада "Уәде етілген жер" Amazon.com және Barnes & Noble.com сайттарында кітап сатылымның көшін бастаған. Barnes & Noble компаниясының атқарушы директоры Джеймс Донт бір күнде кітаптың 50 мыңнан астам данасы сатылғанын айтты.
Айта кетейік, 2018 жылы Барак Обаманың әйелі Мишель Обаманың "Becoming. Менің тарихым" кітабының бір күнде 725 000 данасы сатылған.
Барак Обама бұған дейін бірнеше кітаптар жазған. Олар да миллиондаған тиражбен сатылған.