Нобель премиясы комитеті 2018 жылғы марапаттау рәсімін өткізуден бас тартқан болатын. Осыған қарсылық ретінде бірнеше өнер адамы бірлесіп оған баламаәдеби премиятағайындаушы ұжым құрған еді.Жаңа академия ұсынған тізімнен үздігі анықталып, нәтиже жарияланды. Адами құндылықтардың маңызы қалмаған заманда әдебиетке баса назар аударған жөн. Үнсіздікке қарсы ең күшті қару осы әдебиет болмақ ,- дейді премияны ұйымдастырушылар. Осыған дейін альтернативті академия 4 автордан құралған шорт-лист ұсынды. Онда жапониялық Харуки Мураками (Мураками Нобельден емес, осы марапаттан бас тартты. Бәлкім, кейін оригиналды бермей қоя ма деген үрей болған шығар, кім білген?!), британиялық Нил Гейман, франциялық Мариз Конде және канадалық Ким Тхуи есімдері жазылған болатын. Әділқазы алқасының мүшесі Энн Полссон номинанттарды жариялаған кезде осы авторлардың өзіндік ерекшеліктерін атап өтті. Премияға претендент ретінде 47 автордан өтініш келген. Жеңімпазды қазан айында, яғни, әдетте Нобель премиясы жеңімпазын анықтайтын уақытта хабарлаймыз деген болатын. Енді қорытынды белгілі болды. Жаңа академияның басты марапатына француз жазушысы Мариз Конде лайық деп танылды. Өзі Гваделупаның тумасы. Жюри автордың өз шығармашылығы арқылы колониализмнің әлемді қалай өзгерткенін шебер жеткізгенін атап өтті. Мариз Конденің ең танымал тарихи романдарының бірі Мен, Титуба: Салемдік қара мыстан деп аталады. Ол XVIII ғасырда Батыс Африкада орын алған мыстандарды жою оқиғасын негізге алған. Ресми марапаттау рәсімі 11 желтоқсан күні өтеді. Шарадан кейін алтернативті академия мүшелерін таратып жібереді.