Баққожа Мұқайдың өмірі мен қызмет жолы 

Бүгін қазақтың классик жзушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққаожа Мұқайдың туған күні. Қаламгердің “Өмірзая”, “Жалғыз жаяу” романдары, “Жаңбыр жауып тұр” сынды әңгімелері мен т.б  еңбектері оқырмандар, әдеби орта тарапынан жоғары бағасын алған. Осы орайда Массагет порталы жазушы туралы бірқатар мәліметтерді ұсынады.

Әдебиет табалдырығын “Жаңбыр жауып тұр” атты әңгімесімен аттап, қаламгерлерді де, оқырманды да елең еткізген Баққожа Мұқайдың қалам қарымы, әдебеиттегі аяқ алысы бала кезінен-ақ айналасындағы әдебиетте жүрген адамдарға белгілі болған. Баққожа Мұқай мектепте оқып жүріп-ақ өзінің жазушы болатынын білген екен. Ол жазушы көп білуі тиіс ұғымын ұстанып, көп оқып, көп ізденген. Мектеп бітіре салып Нарынқол ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жұмыс істей бастаған. Жоғары білім аламын деген сөзіне басшылық “сырттай оқып алсаң да жарайды” деп жас қаламгердің аяқ алысын біліп, жібергісі келмеген сыңайлы. Бірақ жазушының әкесі әдебиетке құштар болған. Жас кезінде жазушы болғысы келген. Бірақ шаруа қамымен бұл арманы орындалмай қалған екен. Сол Сейдін қария баласын “оқуға барасың” деп табандап, КазГУ-дің журнастика факультетіне жіберген деседі. 

Алматыда оқып жүріп оның алғашқы новелласы – “Жаңбыр жауып тұр” “Лениншіл жаста” басылып, көптің ықыласына бөленеді. 

Кейіннен жазған алғашқы “Жалғыз жаяу” романыны туралы жазушы Әкім Тарази “Казахстанская правда” газетіне өзінің жылы пікірін жазады. Ал, жазушының шоқтығы биік романы “Өмірзая” туралы белгілі жазушы Мұқтар Мағауин: “Та­ны­мал жа­зу­шы Бақ­қо­жа Мұ­қай­дың “Өмір­зая” ро­ма­ны тар­тып әке­те­ті­ні рас. Бі­рақ өте ау­ыр оқы­ла­ды. Мен ту­ра бір ап­та­да әрең  бі­тір­дім. Бү­ге-ші­ге­сін қа­да­ға­лап, ай­шық, бе­де­рі­не ден қой­ған­нан ға­на  емес. Бақ­қо­жа сы­пат­тап отыр­ған өмір­дің зіл-бат­пан ау­ыр сал­ма­ғы­нан.  Сол өмір­дің нақ­па-нақ, шы­найы қа­лып­та таң­ба­ла­нуы­нан. Қан­дай өмір  де­се­ңіз – со­вет­тік шын­дық дер едім”, - деп баға береді.

egemen.kz

Баққожа Мұқай өмірбаяны

Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтар күні Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында өмірге келген. 1971 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кеген (қазіргі Райымбек) аудандық “Коммунизм нұры” (қазіргі "Хантәңірі") газетінде еңбек жолын бастаған. 1970-1988 жылдар аралығында “Білім және еңбек”, “Жұлдыз” журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990-1995 жылдарда Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық “Қазақ тілі” қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. “Парасат” журналының Бас редакторы болды.

Жазушы “Жалғыз жаяу”, “Өмірзая” атты романдары мен “Жаңбыр жауып тұр”, “Өмір арнасы”, “Аққу сазы”, “Мазасыз маусым”, “Дүние кезек”, “Тоят түні”, “Жеті желі”, “Алғашқы махаббат”, “Ертегідей ертеңім” атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы “Водоворот”, 1988 жылы “Белая птица” атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. “Қош бол, менің ертегім” пьесасы мен “Аққу сазы” хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), “Өмірзая” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). “Парасат”орденінің иегері (2006). 

Алғашқы романы “Жалғыз жаяу” не туралы

“Жалғыз жаяу” жазушының ауылдағы аңыз әңгімелерге негізделген. Негізгі прототипі 1930 жылдардағы Мергенбай банды. Ауыл қарттарынан бала кезде естіген әңгімелерін кейіннен қаламгер романға айналдырады. Кеңес өкіметімен арадағы қақтығысты, өмір шындығын ол өз романында сәтті бейнелеген.

egemen.kz

Мемлекеттік сыйлық алған “Өмірзая” романы

Өмірзая – Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.

Жазушы романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат.  Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. 

Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.

Жазушыға туған жері – Нарынқолда 2019 жылы Мәдениет үйіне есімі берілді

2019 жылы Нарынқол аудандық Мәдениет үйіне қазақтың классик жазушысы,ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқайдың есімі берілді.