"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен "Мәдениет порталы" бірлесіп "Ауылым – алтын тұғырым" дәстүрлі әдеби онлайн конкурсын жариялайды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Ауылым – алтын тұғырым" әдеби - онлайн конкурсының ережесі:
Конкурс "АУЫЛ" партиясы мен "Мәдениет порталының" бірлесіп ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі.
Ұйымдастыру комитеті:
✔ Конкурсты өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды "Мәдениет порталында" және "Ауыл" партиясының auyl.kz сайтында жариялайды;
✔ Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды электронды түрде қабылдайды;
✔ Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;
✔ "АУЫЛ" партиясы конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанатын ұйымдастырады.
Конкурстың мақсаты:
✔ Ауыл өмірінен бастау алатын ұлтымыздың рухани құндылықтарын көркем шығармалар арқылы бейнелеп, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын ашу және насихаттау
✔ Қаламгерлер арасында ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу;
✔ Ауыл құндылықтарын насихаттау;
✔ Ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылығын дамыту;
Конкурстың шарттары:
✔ Конкурсқа қатысу үшін жасы 17 мен 45 жас аралығындағы қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады;
✔ "АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия" аталымына шығарма ұсынатын қаламгерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
✔ Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген "Шығарманы қосу" батырмасы арқылы орналастыра алады. Ол үшін алдымен порталға тіркелу қажет;
✔ Әр номинация бойынша комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
✔ Конкурсқа қатысу үшін шығармалар онлайн түрде "Мәдениет порталына" 2021 жылдың 01 қарашасына дейін жіберілуі тиіс;
✔ 2020 жылғы конкурсқа орыс тілінде жазылған шығармалар да қабылданады.
✔ Конкурсқа қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
✔ Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;
✔ Шығармалар бұған дейін басқа конкурстарға ұсынылмаған болуы шарт;
✔ Жүлде қорын "Ауыл" партиясы өз міндетіне алады. Конкурсқа қатысқан шығармалар кітап болып шығарылады.
Номинациялар бойынша төмендегідей жүлде қоры тағайындалады:
"АЛТЫН ТҰҒЫР" әдеби жүлдесі:
Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасынан таңдалып алынады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "АЛТЫН ТҰҒЫР" әдеби жүлдесінің иегеріне қосымша 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.
"АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза" (эссе, әңгіме, повесть):
1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;
"АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия" (өлең, баллада, поэма):
1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;
"АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия":
1-орын 500 000 теңге;
2-орын 300 000 теңге;
3-орын 200 000 теңге;
Арнайы жүлделер:
Балаларға арналған үздік әдеби шығарма (өлеңдер, әңгімелер, ертегілер) - 300 000 теңге
✔ "Еңбек адамы" тақырыбына арналған үздік әдеби шығарма (проза, поэзия, драматургия жанры бойынша ұсынылған шығармалар арасынан таңдалады) - 300 000 теңге
✔ Қосымша 3 үздік қаламгерге 100 000 теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Конкурсқа шығармаларды қабылдау 2021 жылдың 1 қарашасына дейін жүргізіледі. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылы желтоқсан айында тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Салтанатты шараның нақты уақыты мен өткізілетін орны қосымша хабарланады.
"Ауыл" партиясы өзге өңірлерден келетін әділқазылар алқасы мүшелерінің жол шығынын өз мойнына алады.
Үміткерлер конкурсқа ұсынатын шығармаларын auyl.kz сайтындағы "Ауылым – алтын тұғырым" сілтемесі арқылы немесе тікелей madeniportal.kz порталында онлайн түрде жариялай алады. Техникалық ақаулар болған жағдайда +7 778 377 10 30; +7776 686 59 20 нөміріне хабарласуға (WhatsApp-қа жауап жазылмайды) немесе madeniportal@gmail.com поштасына хат жолдауға болады.