Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 30 тамызда Астанада Ақ ордалы Астана халықаралық поэзия кеші өтеді. Іс-шараға танымал отандық ақындар мен әлемдік деңгейдегі білікті ақындар қатысады. Көптеген шет елдік танымал ақын жазушыларда аталмыш шараға өз үлестерін қоспақ. Аталмыш шығармашылық кешке Финляндиялық ақын, эссеші, славян, орыс әдебиетінің аудармашысы Юкка Маллинен, ақын, жетпіс кітаптың авторы, Шанхай университетінің профессоры Оуянг Ю, Француз жазушысы, публицист және аудармашы, прозашы Тьерри Мариньяк, ақын, баспагер, суретші Малгожата Махлевская, ақын, баспагер Гагик Давтян, ақын Любовь Красавина,ақын, прозашы, сыншы, Литературный газеты атты газеттің Бас редакторы Максим Замшев,ақын Сергей Мнацаканян,ақын, аудармашы Михаил Синельников. Поэзия кешіне қатысудың негізгі шарты - Астана туралы, Қазақстан немесе Елбасы туралы қазақ, ағылшын, орыс тілдеріне аударылған, сондай-ақ БҰҰ мақұлдаған ресми тілдерінде өлең жолдарын жазуларына болады. Халықаралық поэтикалық кештің негізгі мақсаттары - Қазақстан халқының бірлігін сақтау және біздің еліміздің мәдени ерекшеліктерінің әртүрлілігін дамыту, Қазақстан халқының достығы, бірлігі мен патриотизмін нығайту, Қазақстанның мақтанышы, бейбітшілік пен төзімділік символы, еуразиялық мәдениет орталығы - Астананы Әлемнің қаласын көрсету. Іс-шара барысында шығармашылық кеш ұйымдастырылады, сонымен қатар Рухани Жаңғыру айдарымен Әлем ақындары Қазақстанды жырлайды атты шығармалар жинағы жарыққа шығады. Аталмыш шара барысында жарияланған жұмыстар оқырманға қаланың шығу және даму тарихы, оның ерекше мәдени құндылықтарымен таныстырады.Сондай-ақ осындай поэзия кешін ұйымдастыру елорданың жиырмасыншы туған күні қарсаңында керемет мереке мен жағымды әсерлерді ұсынады. Жоспарланған іс-шара барысында шетелдік және отандық ақындар ресми қабылдауларға, ашылу рәсіміне және тұсаукесер рәсіміне қатысады деп күтілуде.