Құрметті оқырман, Оралхан Бөкеевтің екінші жары Ардақ Бөкееваның естелігінен үзінді ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыз!
Оралхан әу бастан мені өз шығармаларын түсінуге өресі жетпейтін жан деп есептейтін. Оның ойынша мен қазақ әдебиетінен мақұрым жанмын; орыс деревнясында өскен мен сияқты ерке қызға Оралханның шығармаларын түсіну қайда? Расында мен қазақ әдебиетін керемет біліп едім деп өтірік мақтана алмаймын.
Оралхан маған: "Ардаш, мен бұрын шығарма жазсам, өздігінен ағылып-төгіліп жатқан соң жазатынмын, ал енді балаларымды асырау үшін жазамын. Ақша табуым керек қой. Бірақ ешқашан да халтураға бара алмаймын", - дейтін. "Атау кере" романы жарыққа шыққанда шығарманы не мақсатпен жазғанын ұзақ әңгімелеп еді. "Алданған ұрпақ" атты трилогия жазатынын, онда нені қамтығысы келетінін айтып отыратын.
Әсет Ақмолданың Facebook парақшасынан