Әрбір әйел оқуы тиіс 5 кітап

Әрбір әйел оқуы тиіс 5 кітап
Фото: envato.com

Әлемдік әдебиет махаббатты сөз қылса да, барлық әйел баласына тек романтикалық бағыттағы кітаптар ұнайды деп дұрыс емес. Бірақ тек махаббат хикаялары ғана өмірдің соқпағын көрсетеді. Қатыгездік, сатқындық, жауыздық пен адалдық — бүгін әрбір әйел оқуы тиіс шет ел әдебиетінен туындылар топтамасын ұсынамыз. 

"Жизнь взаймы"
Эрих Мария Ремарк 

Өмірден өзіңе керектін бәрін алу керек. Автор жарысқа қатысушы Клэрфе туберкулез дертіне шалдыққандар орталығында емделіп Лилианды алып қашады. Ол айықпас дертке шалдыққан еді. Өмірінің соңғы күндері жарқын етіп өткізуді армандаған бойжеткеннің тілегін орындау үшін жігіт осындай қадамға барады. Оқиға өмірді бағалауды және өлімді қабылдауды үйретеді.

"Шоколад"
Джоанн Харрис 

Ланскне-су-Танн қалашығына анасы мен қызы кқшіп келеді. Олар қалада кондитерлік орталық ашады — сонымен бірге қаланың өмірі де өзгереді. Кітап әр әйел адамның бойында сиқырлы күш барын, тек оны қолданып білу керегін көрсетеді. 

"Рассказ служанки"
Маргарет Этвуд 

Маргарет Этвудтың антиутопиясында әйелдер жұмыс істей алмайды, ешнәрсемен айналыса алмайды, олар тіпті кітап оқи алмайды. Олар тек қызметші рөлін ғана атқара алады. 

 "Лучшее во мне"
Николас Спаркс

Николас Спаркстың бұл прозасы жарқын әрі жеңіл, оны оқығаннан ләззат аласың. Оқиғалар шынайы, еркін жеткізілгендіктен сенгің келеді. Қала, айырылысу, шынайы махаббат, мәңгі өмір сүруді қалайтын сезім. Бұның бәрі бір кітапқа сыйған. 

"Убежище. Дневник в письмах"
Анна Франк

Анна Франк 1929 жылы дүниеге келген. Ол 15 жасында концлагерьде қаза табады. Оның күнделігі сақталып қалып, кейін соғыс біткеннен кейін танымал болады. Бұндай кітаптарды міндетті түрде оқу керек. Өйткені тарих беттеріндегі ең қорқынышты сәттер жағдайға қарамастан берілмеуге үйретеді. 

Т. Есқали