Елбасы қоры әдебиетті қолдау мақсатында ұйымдастыратын “Алтын тобылғы” байқауының жеңімпаздары анықталды.
Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалды:
"Жылдың үздік прозасы" – Бақытбек Қадыр (Túrkistan газетінің тілшісі) Нұр-Сұлтан қаласы;
"Жылдың үздік поэзиясы" – Жәнібек Әлиман (Қарағанды);
"Жылдың үздік драматургиясы" – Қолғанат Мұрат (Алматы);
"Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы" – Хамит Есаман (Тараз қаласы);
"Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды" – Ұмтыл Зарыққан (Нұр-Сұлтан қаласы), Бағашар Тұрсынбайұлы (Алматы).
Әр номинацияның жеңімпазына "Алтын Тобылғы" әдеби сыйлығының лауреаты атағы және 2 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық берілді. Ал арнайы номинацияның жеңімпаздарына 1,5 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етілді.
Айта кетейік, “ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры бұл байқауды жыл сайын 18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар арасында өткізеді. Жоба қазіргі заман әдебиетіне қызығушылықты арттырып, жастардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған.