Елбасы қоры ғимаратындағы жеңімпаздарды марапаттау кешінің қорытындысы мынадай болды:
1) "Жылдың үздік прозасы" – Айзат Рақыш ("Адасқандар")
2) "Жылдың үздік поэзиясы" – Қайсар Қауымбек ("Күңіренбе, молалар") және Айбол Исламғалиев ("Жалғыздық картинасы"), Тұрсынбек Башаров ("Чириме")
3) "Жылдың үздік балалар әдебиеті" – Алина Гатина, Ақан Марғұлан ("Жетіқарақшы")
"Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма" атты арнайы тақырыптық номинациясы бойынша – Шерхан Талап ("Астана бояулары")
Биылғы жылы "Жылдың үздік драматургиясы" аталымы бойынша ұсынылған жұмыстардың қойылған талаптарға сай келмеуіне байланысты, жеңімпаз анықталған жоқ.
Айта кетейік, бұл байқау Президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" стратегиялық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Өзінің бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев дарынды және табысты жастарға назар аудару жайлы айтқан. "Алтын Тобылғы" байқауы жас жазушылардың шығармашылығына қолдау көрсету сияқты мақсаттарды алға қойып отыр. Байқау құрылтайшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын 1,5 миллион көлемінде арнайы номинация тағайындады.