2018 жыл көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 80 жыл толды. Осыған орай 20-24 желтоқсан аралығында Алматы қаласында қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған жазушыны еске алу шаралары өтеді.
20 желтоқсан сағат 11.00-де Ұлттық кітапханада (Абай/Абылай хан қиылысы) «Асқар Сүлейменов және ұлттық рух» атты конференция өтеді.
23 желтоқсан М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында (Абай даңғылы 103) сағат 17.00 де кеңейтілген баспасөз және көрермендер конференциясы, 17.40-та «Асқар Сүлейменов және театр» көрмесінің ашылуы және 18.30 да Асқар Сүлейменовтің «Адасқақ» циклы бойынша қойылған «Біржанның соңғы әні» сахналанады.
24 желтоқсан сағат 19.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры (Қабанбай батыр 110) Асқар Сүлейменовті еске алу кеші өтеді.