Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілді. Бұл туралы бүгін мәслихат сессиясы барысында айтылды. Бүгін Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді. Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі - олардың қайталана беретіні, - деп түсіндірді қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев. Алматыда жаңа атаулар бекітілген соң қалада қазақ әдебиетінің қос майталманы Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова атындағы көшелер пайда болды. Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.