Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған І қалалық "АЛМАТЫ – ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ" атты әдеби жанрлық байқаудың ережесімен таныс болыңыздар.
Байқауды ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы
Байқаудың мақсаты:
* Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ел дамуы жолында басшылыққа алған "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген негізгі міндеттерді ары қарай жүзеге асыру.
* Eліміздің әр өңірінен жиналған жас дарындарды ұлы даланы ұлықтау мақсатында бір мүддеге жұмылдыру.
* Мың жылдық тарихтан тамыр тартатын ел жастарының рухани астанасына айналған Алматы қаласының терең тарихын танытып, көпшілікке дәріптеу.
* Қазақ әдебиетіне аяқ басқан дарынды жастардың шығармашылығын шыңдап, олардың қаламынан туған тың дүниелерді ел көлемінде насихаттау арқылы рухани астанамыз болған арман қаланың әр қырын кеңінен таныту.
* Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматы қаласының абыройын асқақтатып, бүгінгі болмысын көрсету үшін аға буын қаламгерлерді де тарту.
Байқаудың өтетін уақыты:
Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 1 наурыз 2020 жыл аралығына дейін жүргізіледі. Қабылданған жұмыстардың ішінен сарапшылар шешімімен іріктелгендері келесі кезеңге өтеді.
Байқауға қатысушылар:
Ел руханияты мен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып жүрген Алматы қаласының барлық қаламгерлері. (Жасқа шектеу қойылмайды).
Байқаудың ережесі:
* Байқауға қатысушылар "Алматы – өркениет ордасы" атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей бе саталым бойынша бақ сынайды:
1. Поэзия
2. Проза
3. Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза)
4. Драма
5. Қысқаметражды фильмге көркем сценарий
Поэзия аталымы бойынша
Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:
* Алматы қаласына арнау өлеңі;
* Еркін тақырыптағы өлеңі;
* Қатысушыға қойылатын талаптар:
* Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады;
* Өлеңнің көлеміне шектеу қойылмайды;
* Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;
* Өлең Microsoft Word түрінде ( Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Проза аталымы бойынша
Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза жазады.
Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек;
Қатысушыға қойылатын талаптар:
* Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздерарқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;
* Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады;
* Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Балалар әдебиеті аталымы бойынша
Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
* Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздерарқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;
* Жазылған жұмыстың көлемі 6 беттен аспауы керек;
* Шығарманың желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт;
* Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Драма аталымы бойынша
Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
* Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;
* Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;
* Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген пьесаларын жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады;
* Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Қысқаметражды фильмнің сценарийі аталымы бойынша
Үміткер берілген тақырып бойынша қысқаметражды фильмнің сценарийін ұсынады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
* Қысқа метражды фильмнің желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт;
* Сценарийдің көлеміне шектеу қойылмайды;
* Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген сценарийлерін жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады;
* Шығарма Microsoft Word түрінде (Times New Roman 14) writerskz@gmail.com мекен-жайына жіберілуі керек;
Жоғарыда аталған аталымдар бойынша жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар қорытынды жиында марапатталады.
Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 15 адам. (Жабық түрде)
Байқаудың марапаттау кезеңі.
Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының ұйымдастыруымен ("Астана" алаңында) дәстүрлі Наурыз мерекесінде өткізіледі.
Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері және эстрада әншілері қатысады;
Әр аталым бойынша:
І орын "АЛМАТЫ – ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ" атты лауреаттық диплом және 1 000 000 млн. теңге ақшалай сыйлық:
ІІ орын – Лауреаттық диплом және 500 мың теңге ақшалай сыйлық;
ІІІ орын – Лауреаттық диплом және 300 мың теңге ақшалай сыйлық;
Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда)
Қазақ хандығының бастауы болған мың бояулы қала Алматыныңжәне Жетісу өңірінің барлық саябақтарына үздік деп танылған шығармалардың үзінділері жазылған тақтайшалар орнату ұсынылады;
Байқауға қатысу шарттары
Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекен-жайға жібереді.
Өтініш беру үлгісі мына жерде.
Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.