Әлихан Махаш: "Біздің әдебиет туған жер мен оған деген махаббаттан шыға алмай жатыр"

Әлихан Махаш: "Біздің әдебиет туған жер мен оған деген махаббаттан шыға алмай жатыр"

Қазақ әдебиетінде қандай жанрлар дамымай жатқанын Массагет порталы еліміздегі ақын-жазушы, сыншылардан сұраған болатын. Бұған дейін белгілі жазушы Өміржан Әбдіхалықұлы мен сыншы, Бағашар Тұрсынбайұлының жауабы ұсынылды. 

Өміржан Әбдіхалықұлы: "Бізде драматургия қартайып бара жатыр"

Бағашар Тұрсынбайұлы: "Қысылмай айта жүрейік..."

***

Әлихан Махаш, ақын: "Біздің "көркем әдебиет" туған жер мен оған деген махаббаттан шыға алмай жатыр"

Жалпы алғанда қазақ әдебиетін жас әдебиет қатарына жатқызуға қарсымын, олай санайтындарға айтарым әдебиетте адамзатқа қатысты құндылықтардың  дұрыс игерілмеуінен. Солай қарасақ қазақ әдебиетінде рухани (ұлттық емес) құндылықтар жүйесі енді қалыптасып келеді. Қалыптасу үстіндегі әдебиетте даму жайлы әңгіме айтылуы дұрыс-ақ.

Мысалы, қазақ әдебиетінде дамымай тұрған немесе аса назар аударылмай тұрған жанр - ғылыми-фантастика жанры. Ғылыми-фантастиканың қарапайым фантастикадан айырмашылығы әбден зерттеліп ғылыми дәлелдерге сүйеніп жазылады. Ал ғылым дегеніміз бүкіл адамзатқа ортақ нәрсе. Егер үлгі керек болса жапондарды алсақ болады. Оларда sci-fi  (Science fiction) жақсы дамыған. Олардың манга анимесі барлық әлемдік құндылықтарды беріп отыр. Әдебиеті де сол, Синъити Хоси, Комацу, Ясутака Цицуилар бұл жанрда біраз еңбектенді.

Мысалға алсақ қазақ фольклорында мифтер өте көп. Ал барлық ғылыми-фантастиканың негізі халықтық мифтерде жатыр. Біздің "көркем әдебиет" сол баяғы туған жер мен оған деген махаббаттан шыға алмай жатыр. Адам жанының қайғылы жаратылыс екенінен басқа нәрсе айтатын нәрселерді оқығың келеді. Қазіргі кезең гүл алып өлең жазатын немесе торығу кезеңі емес. Қалай болғанда да қоғамға ғана емес, әдебиетке де технократтық керек.

Т. Раушанұлы