“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған “Алаштың айбоз Әбіші” атты республикалық жыр мүшәйрасы мәресіне жетті.
180 ақын қатысқан мүшәйраға Светқали Нұржанов, Серік Ақсұңқар бастаған танымал ақын-жазушылар қазылық етті.
Аталған мүйшәйрада жүзден жүйрік шығып Бекзат Смадияр бас жүлдені иеленді. Олжас Қасым бірінші орын, Ерлан Жүніс пен Табиғат Абаилдаев екінші орын иеленсе, Аскерхан Ақтай мен Жоламан Айткен үшінші орыннан көрінген.
Ал Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы сыйлық Бауыржан Халиоллаға, Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық Ұлмекен Шаукеноваға табыс етілген.
Мүшәйра жүлдегерлеріне төмендегідей ақшалай сыйлық табысталған:
Бас жүлде - 800000 (сегіз жүз мың теңге)
І орын – 600000 (алты жүз мың теңге)
ІІ орын (екеу) – 400000 (төрт жүз мың теңгеден)
ІІІ орын (екеу) – 300000 (үш жүз мың теңгеден)
Әбіш Кекілбаев атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге)
Фариза Оңғарсынова атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге).