Нью-Йоркта тұратын жас жазушы Анайя Ли Уиллабастың тұңғыш кітабы 8 жасында жарық көрген. Ол небәрі 2 жасында әріп танып, отбасылық кітапханадағы 300-ден асатын кітаптың бәрін оқып шыққан. Анайяға электронды кітаптар ұнамайтын көрінеді. Себебі оған кітаптарды парақтаған ұнайды.
Кішкентай қыз өзінің тарихи отаны – Гайанеге сапар шеккеннен кейін кітап жазуға шабыттанған. Оның «Мохан өзіне сенімділігін арттырған күн» (The Day Mohan Found His Confidence) атты кітабы жарыққа шығысымен, тез сатылып кеткен. Кітаптың мазмұны бойынша, Мохан есімді балақай үйде және мектепте қиындықтарға тап болып, соңында оларды ата-анасы мен достарының көмегімен жеңіп шығады.
Ерте оянған феноменді таланты бар қыз кітап оқумен қатар, қарапайым балалар секілді теледидар көргенді, тәттіні, футбол ойнағанды жақсы көреді, аға-әпкелерімен бірге ойнайды. Оның болашаққа қойған жоспары – кітаптары арқылы әлемді өзгерту.
Дереккөз: reactor.inform.kz