Бірнеше жыл бойы "Манус" аралында қамауда жатқан журналист Бехруз Бучани WhatsApp messenger арқылы жазған кітабы үшін Аустралияның беделді екі әдеби сыйлығын алды.
Ирандық Бучани "Таудан басқа досың жоқ: Манус түрмесіндегі жазбалар" (No Friend But the Mountains: Writing from Manus Prison) шығармасы үшін Аустралиядағы әдебиет үшін берілетін "Victorian Prize for Literature" сыйлығына (72 мың доллар) ие болды. Бірақ қазір Манус аралындағы автор босқындарға қарсы қатаң саясат ұстанатын Аустралияға бара алмайды.
Бучани Иранды журналист болғандығы үшін тәрк еткен. 2013 Аустралия шекарашылары ұстап алып, босқындар орталығына жіберген. Осы жерде ол WhatsApp messenger арқылы аудармашыға қолжазбаларын жіберіп отырған. Қағаз бен қаламды тәртіп сақшылары тартып алатындығы себепті пайдаланбаған. Босқындар орталығы жабылған соң, оған Манус аралындағы Папуа-Жаңа Гвинеяда босқын аты берілген.
Сонымен бірге Бучанидің шығармасы әдеби емес туындыларға берілетін "Victorian Premier's Literary Awards" (25 мың доллар) сыйлығына да лайық деп табылған.
"WhatsApp — менің шығармашылық бөлмем"
Басқа лауреаттар Мельбурнда марапатталған кезде Бучанимен Манус аралында ВВС тілшісі сұқбаттасқан. Ол бұл сыйлықты "парадоксикалық сезімдер" деп атады.
"Бір жағынан, мен осы бақытсыздыққа жұрт назарын аударғаныма өте қуаныштымын және көптеген адамдар бұл жағдай туралы білгені жақсы... Екінші жағынан мен жеңісімді тойлай алмаймын. Себебі бұл жерде зардап шеккен көптеген достарым бар. Біз үшін ең бастысы – еркіндік, осы аралды тастап, жаңа өмір бастау", – дейді жазушы.
Кітап бірнеше жыл бойы босқындар орталығында жазылған. Автор оны бірден WhatsApp-қа жазып, аудармашы Омиду Тофигиануға жіберіп отырған. "WhatsApp – менің шығармашылық бөлмем. Қағаз-қаламмен жазуым қауіпті еді. Себебі тәртіп сақшылары апта сайын бөлмемізді тексеретін. Мен қолжазбаларымды жоғалтып алудан қорықтым. Оны бірден WhatsApp-қа жазу дұрыс деп ойлайдым", – дейді автор.