8 қыркүйек күні Астана алаңында Алматы қаласы Әкімдігі мен BAURZHAN Foundation қоры KITAP FEST 2018 Халықаралық кітап фестивалін өткізді. Бұл жылы KITAP FEST 5-ші рет өткізіліп отыр. Жылдан жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосып, қаламыздың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды. Фестиваль қалай өтті? I BOOK YOU ұйымдастырған Кітап алмасу бұрышы көпшілік назарын өзіне аударды. Кітап алмасу арқылы олар өздерінің кітап тізімін жаңартып, бұрыннан қолы жетпей келген қазыналарды иелену мүмкіндігін алды. Мұнда кітап жанрларының түр-түрі болды. Жалпы алмасуға 5000-ға жуық кітап түсті. Жазушылар шатыры. Күні бойы бұл шатырда отандық жазушылар өздерінің 2017-2018 жылдары жарық көрген кітаптарын таныстырды. Олардың арасында Олег Червинский Черная кровь Казахстана, Хаким Булибеков Кипчак с Антарктиды, Jan Amany, Наталья Махно Точка бифуркации , Алмаз Шарман Приоритеты және т.б. болды. Блогерлер шатыры. Фестивальге қатысушылар танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, блогерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ал олар өз кезегінде кітапқа қатысты көптеген қызық әңгіме қозғады. Шақырылған қонақтар қатарын Айсана Ашим, Марина Шарипова, Айна Досмахамбетқызы, Айдос Сарым, Диана Снегина және т.б.толықтырды. Кітап жәрмеңкесі. Биылғы фестивальде 28 Кітап дүкені мен баспалар өз тауарларын көрмеге қойды. Сондай-ақ Аруна баспа үйі балаларға арнап Кітаптар қалай пайда болады? деген тақырыпта ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Осы жылы Кітаптар фестивалінда алғаш рет әдебиет саласында жазушыларға арналған Кitap Fest сыйлығы тағайындалды. Жеңімпаз ретінде Баян Алагузова танылды. Ол өзінің келесі кітабын Меломан арқылы тегін басып шығару мүмкіндігіне ие болды.