2022 жылы 23 сәуір күні "Фолиант" баспасы алғаш рет түпнұсқадан қазақ тіліне аударылған ең танымал кітаптардың бірі – "Сақиналар әміршісінің" тұсаукесері өткізді.
"Фэнтезидің атасы" атанған Джон Толкин таңғажайып әлемді – Жерорта әлемін құрды. Ол тек жазушы ғана емес, әдебиет ғылымының докторы, суретші, профессор, филолог-лингвист болған. Шебер жазушысы өз шығармаларында жасанды эльфтер, гномдар және орктердің арнайы тіл ойлап тапқан.
Солардың ішінде ең танымалы – эльфтер тілі. Тіпті Оксфордта эльфтар тілін оқытатын арнайы курстар да бар. Соынмен қатар, туризм саласындағы феномен – Толкин-туризм де бар: "Сақиналар әміршісінің" жанкүйерлері шығарма оқиғалары өтетін жерлерге саяхаттайды. Жазушы батырлық эпопеяны, ертегі мен шытырман оқиғалы романды біріктіріп, тамаша көркем туынды жасап шыққан.
Романның астарлы сыры мен мазмұнына терең бойлай отырып, ағылшын тілінен аударған Алтынжан Иралиева.
Бұл кітапты оқып отырған оқырман дәуірден дәуірге саяхаттаумен болады. Бас кейіпкермен біре құдіретті сиқыршыларды, эльфтерді, жауыздарды бірге сезінеді. Таңғажайыпқа толы бұл оқиғамен үлкен-кіші, бәрі танысу керек. Кейіпкерлер батыл болуға, дана болуға, адалдық пен достықты ұғынауға үйретеді.