Бұл күндері Дохаға әлемдік футбол жұлдыздарының көпшілігі келіп жатыр. Transfermarkt олардың арасынан ең құнды 10 ойыншыны таңдап, бағасын ұсынды.
© Франк Файф/AFP/Getty Images
1. Килиан Мбаппе (Франция) – 160 миллион еуро
Бұған дейін Ресейде өткен әлем чемпионатында Мбаппенің бағасы 120 миллионға жеткен. Ол кезде Килиан 19 жасқа енді ғана толған еді. Арадан 4 жыл өтті, Мбаппенің бағасы тағы да өсті. Франция құрамасы 2018 жылы әлем чемпионаты атағын биыл қорғау қиын болатын секілді, себебі, жұлдызды құрамның көпшілігі жарақат алып, кейбіреулері мүлде тізімге ілінбеген.
© Lucas Figueiredo/CBF
2. Винисиус Жуниор (Бразилия) – 120 миллион еуро
«Реалдың» шабуылшысы бабында. Реал Мадридте Чемпиондар лигасын жеңіп алып, финалда шешуші голдың авторы атанған Винисиусты бразилиялық жанкүйерлер Катарда да осындай тамаша өнер көрсетеді деп күтеді. Джуниор да оларды ұятқа қалдырмайды деп ойлаймыз.
© Global Look Press
3. Фил Фоден (Англия) – 110 миллион еуро
«Манчестер Сити» футболшысы қазіргі талантты ойыншылардың бірі саналады. Фоденсіз бүгінде «қалалықтарды» және Англия құрамасын елестету мүмкін емес. Оның бағасы ай сайын өсіп келеді. Пеп Гвардиола кейде оны Лионель Мессимен салыстырады және өз ойыншысын басқа командаға сатқысы келмейді.
© usfootball.info
4. Федерико Вальверде (Уругвай) – 100 миллион еуро
Уругвайлық ойыншының бұл рейтингте орын алады деп ешкім күтпеген шығар, бірақ оның «Реалдағы» тамаша өнері Вальверденің бұл тізімге енуін қамтамасыз етті. Алты жыл бұрын мадридтіктер Федериконы «Пеньярольдан» небәрі 5 миллион еуроға сатып алса, қазір оның трансферлік құны 100 миллион еуроға дейін өсті.
© globallookpress.com/Alfredo Falcone, Keystone Press Agency
5. Джамал Мусиала (Германия) – 100 миллион еуро
19 жасында мюнхендік «Бавария» клубының шабуылдаушы ойыншысы әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен тең дәрежеде өнер көрсетіп жатыр. Бірақ, оаған Германия құрамасының негізгі құрамындағы орын әзірге кепілдендірілмеген. Мусиаланың бағасы күннен күнге өсуде. Дәл Катарда оның жұлдызы жарқырайды деген болжам бар.
© Reuters
6. Джуд Беллингем (Англия) – 100 миллион еуро
19 жастағы дортмундтық ойыншының әлі ашылмаған қырлары көп және оны өз қатарларында көргісі келетін клубтар кезекте тұр. Бірақ футболшы үшін «Боруссия» сұраған 120 миллион еуроны төлейтін команда табыла ма? Мұны Катардағы турнир шешеді.
© Angel Martinez - UEFA / Contributor / UEFA / Gettyimages.ru
7. Педри (Испания) – 100 миллион еуро
19 жастағы Педридің есімі қазірдің өзінде бүкіл Еуропаға белгілі. Ол каталондықтардың ғана емес, Испания құрамасының да көшбасшыларының біріне айнала білді. Педридің құны жылдан жылға артып келеді. Дәл оның көмегімен Испания Катарда өтетін жарыстың бас жүлдесі үшін күрескісі келеді.
© championat.com
8. Гарри Кейн (Англия) – 90 миллион еуро
29 жаста болғанына қарамастан, Гарри әлдеқайда жоғары бағаға бағаланды - 90 миллион еуро. Мюнхендік «Бавария» командасы ағылшын бомбардирін сапына қосу үшін қомақты сома ұсынуға дайын екендіктерін айтты. Кейн – Англия құрамасының осы әлем чемпионатындағы басты жұлдызы, шабуыл шебіндегі ең қауіпті «қару».
© Alex Caparros / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
9. Гави (Испания) – 90 миллион еуро
Испания әлем чемпионатында жеңіске жету үшін айқын фаворит емес. Бірақ командада әлі де бірнеше мықты және талантты ойыншылар бар және олар чемпиондық үшін күресуге қабілетті. «Қызыл фурада» бірнеше талантты ойыншылар бар, олардың бірі – Гави. Маусымның үздік жас ойыншысы атанған «Барселонаның» ойыншыс әлем чемпионатында өзінің ерекше талантын көрсете алады.
© fc-arsenal.com
10. Букайо Сака (Англия) – 90 миллион еуро
Бұл тізімде Англиядан бірнеше ойыншы бар. Солардың бірі – Букайо Сака. «Арсенал» футболшысы – болашағы жарқын ойыншылардың бірі. Ағылшын жанкүйерлері Катарда Букайодан осындай мазмұнды ойын күтеді. Бәлкім, Сака мен Кейн сияқты тізімдегі ойыншылардың көмегімен ақсүйектер осы әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілетін шығар.