Футболдан Аргентина құрамасының ашық жаттығуы уақытынан бұрын шұғыл аяқталды. Guardian сайты мұның себебін оншақты жанкүйердің алаңға өтіп кетіп, қарауылдардың ырқына бағынбай қойғанымен түсіндіреді.
Жанкүйерлердің бірі Лионель Мессидің алдына тізерлеп отырып, бутсиын тазалай бастаған. "Алтын доптың" төрт дүркін жеңімпазы сол жерде күліп жіберіп, жанкүйерді құшаққа алып, өз жейдесін сыйға тартыпты.
Артынша жиырма алты жастағы футболшыға Роналдиньюдің егізі жолыққан.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ptSU0vFrPHc","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: ronaldinho-web.com.ar