Италия құрамасы 0:1 есебімен Коста-Рикаға жеңіліп, енді Уругвайға қарсы ойында өз тағдырын шешетін болады. Ал Хорхе Луис Пинтоның командасы екінші сенсациялық жеңісіне қол жеткізді...
Брайан Руистің баспен соққан добы аталған кездесудің жеңіс голы болып қала берді.
Топтық кездесудің екінші тур ойыны бұлай жалғасар деп ешкім ойламаған. Көпшілік Коста-Риканың бірінші жеңісіне күмәнмен қарап келген-ді.
Қос құрама да алғашқы таймда көп тәуекелге барып жатпай-ақ, қорғаныста сауатты ойнауға тырысты. Алайда, Италия құрамасы өз айып алаңдарын тастап шыққан сәтте коста-рикалықтар жылдам шабуылға шыға бастады. Нәтидежесінде өз қақпаларына гол жіберіп алды.
Қазіргі таңда италияндықтардың қоржынында 3 ұпай бар. Англия құрамасының бар үміті қырқылды. Ал Уругвай құрамасы Италияға қарсы супер-матчқа дайындық бастамақ.
ӘЧ-2014, D тобы
Италия - Коста-Рика - 0:1
Руис, 45
Италия: Буффон, Кьеллини, Дармиан, Мота, Кандрева, Абате, Маркизио, Балотелли, Барцальи, Де Росси, Пирло.
Бас бапкер – Чезаре Пранделли
Коста-Рика: Навас, Гонсалес, Уманья, Дуарте, Диас, Гамбоа, Борхес, Боланьос, Техеда, Кэмпбелл, Руис.
Бас бапкер – Хорхе Луис Пинто
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: eurosport.ru