- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- Рой Ходжсон негізгі...
Рой Ходжсон негізгі құрамға 9 өзгеріс енгізді
Англия құрамасының бас жаттықтырушысы Рой Ходжсон Бразилиядағы Әлем Чемпионатында топтық кездесудің үшінші тур ойынына шығатын ойыншылар құрамын атады, деп жазады Sky Sports.
Ағылшындардың жаттықтырушысы негізгі құрамға бірден 9 өзгеріс енгізген. Бұл жайлы аталған басылым бірінші кезекте хабарлауда.
"Мен футболшылардың барлығы, не болмаса жартысына жуығы алаңда толыққанды ойын өткеріп үйлеріне қайтқанын қаладым. Тек жаттығуда болғанын қаламадым" - деген Ходжсон.
Англия құрамасының Коста-Рикаға қарсы шығатын құрамы төмендегідей:
Бен Фостер — Фил Джонс, Гари Кэхилл, Крис Смоллинг, Люк Шоу — Джеймс Милнер, Фрэнк Лэмпард, Джек Уилшир, Росс Баркли, Адам Лаллана — Дэниел Старридж.
Англия мен Коста-Рика арасындағы кездесу бүгін кеште өтеді. Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: livesport.ru
Л. Лига