- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- Қытайлықтар Әлем Чемпионатын...
Қытайлықтар Әлем Чемпионатын көру үшін өтірік ауыра бастады
Қытай елінің футболсүйер қауымы ауруханалардан сырқаттанып жатқанын растайтын жалған анықтама алып, жұмыстан уақытша сұранып жатыр екен. Бұл туралы CNN телекомпаниясы ақпарат таратып отыр.
«Мундиальдың» тартысты кездесулерін тікелей эфирде көргісі келген қытайлық жанкүйерлер жұмыстан уақытша демалыс алу үшін сан түрлі қулыққа барып жатыр. Соның бірі – ауырдым деп жалған құжат дайындау. Телекомпания ақпаратына сүйенер болсақ, анықтама құны 50 доллар екен. Ал одан екі есе төлесеңіз, арнайы айғақтар мен нақты диагнозыңызды анықтап та беретін көрінеді.
Қытайлық жанкүйерлердің мұндай қадамға баруының да өзіндік себебі бар. Өйткені, Әлем Чемпионатының ойындары Шығыс Азияда түннің бір уақыты мен таңсәріде басталады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:itar-tass.com
О. Сансызбай