Кот-д’Ивуар 2 — 1 Жапония

Әлем Чемпионатында С тобында Кот-д’Ивуар құрамасы Жапонияны 2:1 есебімен жеңді.

Жапония құрамасы ойынның бірінші бөлігінде Кейсуки Хонданың орындаушылық шеберлігі арқасында алға шыққан болатын. Жалпы алғанда, бірінші таймда жапондар өз жарты бөліктерінде сауатты қимылдарымен көзге түсті.

Ойынның екінші бөлігінде ивуарлық аяқ допшылар "самурайлардың" қорғанысын сөге алды. Бони мен Жервиньюдің екі соққысы ойын тағдырын африкалық команданың пайдасына шешті. 

Кот-д’Ивуар — Жапония — 2:1 (0:1)

Голдар: 0:1 Хонда (16), 1:1 Бони (64), 2:1 Жервиньо (66). Кот-д’Ивуар:  Барри, Бока (Джакпа, 75), Зокора, Орье, Бамба, Калу, Тиоте, Туре, Ди (Дрогба, 62), Жервиньо, Бони (Я, 78).

Жапония:  Кавасима,  Учида, Нагатомо, Морисиге, Йошида, Хонда, Кагава (Какитани, 86),  Ямагучи, Хасебе (Эндо, 53), Окадзаки, Осако (Окубо, 68).

Ескертулер: Йошида (23), Бамба (54), Зокора (58), Морисиге (63).

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru