- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуарды...
Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуарды жеңді
С тобында өткен кездесуде Колумбия құрамасы Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен тізе бүктіріп, топтан бірінші орынмен шығуға тамаша жағдай жасады.
Алғашқы тайм қос құраманың орталық алаңда допқа таласымен өтті және гол соғатын қауіпті сәттер туындай қоймады. Бұған бір жағынан бас бапкерлердің бірінші таймға алып шыққан ойын үлгісі себеп болса керек. Тек бір тұста аргентиналық «Ривер Плейт» командасының сұрмергені Теофило Гутьеррес гол соғарлық қауіпті сәтті пайдалана алмады.
Екіншті таймның 64-минутында «Монаконың» ойыншысы Хамес Родригес бұрыштама добынан кейін өз командасын алға шығарған болатын. Арада 6 минут өткенде португалдық "Портудың" жартылай қорғаушысы Хуан Кинтеро есепті еселей түсті.
73-минутта италияндық "Рома" клубының жартылай қорғаушысы Жервиньо көзге түскенмен, алайда, ивуарлықтар ойынды құтқарып қала алмады.
Колумбия құрамасы осы ойыннан кейін 6 ұпаймен С тобының көшін бастап тұр. Ивуарлықтар 3 ұпаймен қалды, ал Жапония мен Грекия құрамалары әлі қоржындарында бірде-бір ұпайға ие емес.
ӘЧ-2014, C тобы, екінші тур
Колумбия - Кот-д'Ивуар – 2:1
Хамес Родригес, 64, Хуан Кинтеро, 70 – Жервиньо, 73
Колумбия: Оспина, Сапата, Йепес, Армеро, Суньига, Санчес, Агилар, Родригес, Куадрадо, Гутьеррес, Ибарбо.
Кот-д'Ивуар: Барри, Бока, Орье, Бамба, Зокора, Тиоте, Градель, Яя Туре, Ди, Жервиньо, Бони.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: eurosport.ru
О. Сансызбай