- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- Хорваттар топтан шығуға...
Хорваттар топтан шығуға мүмкіндік алды
A тобында Хорватия құрамасы Камерунды 4:0 есебімен жеңіп, топтан шығуға мүмкіндік алды...
Кездесу барысында хорваттар бірінші болып есеп ашты, алғашқы тайм аяқталғанша сол есепті ұстап тұра алды.
Екінші жарты бөлікте камерундықтар сапынан Алекс Сонг қызыл қағаз алып, алаңды тастап кетуге мәжбүр болды. Қатары кеміген камерундықтар өз айып алаңдарында өрескел қателіктер жасай бастады. Әр жолы хорваттардың голды аяқтауда тағатсыздығы құтқарып қалып жатты.
Соған қарамастан, хорваттар есепті еселей түсуге мүмкіндік алды. 48-минутта Перишич камерундықтардың қателігін пайдаланып, айып алаңына доппен бірге кірген болатын. Бұл жолы камерундықтардың қақпашысы Шарль Итандж асығыс қимыл жасап, нәтижесінде өз қақпасына гол жіберіп алды.
Кеш барысында Манджукич екі рет көзге түсіп, үздік сұрмергендердің соңынан ілесуге мүмкіндік алды. "Баварияның" шабуылшысы бір жолы баспен гол соқса, екінші жолы бос қақпаға допты туралай салу ғана қалды.
Хорватия 4 - 0 Камерун
Голдар: И. Олич 11' И. Перишич 48' М. Манджукич 61' 73'
Камерун: Шарль Итандж, Ассу-Экотто, Николя Н'Кулу, Жоэль Матип, Орельен Шеджу, Алекс Сонг, Эрик Чупо-Мотинг, Стефан Мбиа, Эно Эйонг, Маканудо, Венсан Абубакар.
Хорватия: Стипе Плетикоса, Дарио Срна, Ведран Чорлука, Деян Ловрен, Даниэль Праньич, Лука Модрич, Иван Ракитич, Иван Перишич, Самир, Ивица Олич, Марио Манджукич.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: eurosport.ru
Л. Лига