Германия - Гана кездесуі тең есеппен аяқталды

Германия - Гана кездесуі тең есеппен аяқталды

Әлем Чемпионатының екінші тур ойынында - G тобында өткен Германия мен Гана құрамалары арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды...

Бірінші минуттардан немістер алаңдағы басымдылыққа ие болып, допты өздерімен алып жүргенмен, қауіпті сәтті сол күйі ұйымдастыра алмады. Гана ойыншылары қаптал бұрыштарда жиі қателіктерге ұрынып отырды. Немістер қауіпті шабуылдар ұйымдастырса, африкалықтар алыстан соққы бағыттаумен жауап берді.

Екінші таймның 51-минутында мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Марио Гетце есеп ашқан болатын. Арада үш минут өткенде ганалықтардың жартылай қорғаушысы Андре Айю есепті теңестірген-ді. 63-минутта Асамоа Гьян Гана құрамасын алған шығарған еді. 

69-минута алаңға шыққан римдік "Лационың" шабуылшысы Мирослав Клозе 71-минутта есепті 2:2-ге теңестірді. 

Клозе Әлем Чемпионатында өзінің 15-інші добын соғып, сол арқылы Роналдоның рекордын қайталап отыр. 

Германия 4 ұпаймен G тобының көшін бастап тұр. Гана екінші жолы жеңіске жете алмады. АҚШ елінің қоржынында 3 ұпай бар. 

ӘЧ-2014, G тобы, екінші тур

Германия – Гана - 2:2

Голдар: Марио Гетце, 51, Андре Айю, 54, Асамоа Гьян, 63, Мирослав Клозе, 71

Германия: 
Нойер, Хеведес, Хуммельс, Хедира, Озил, Мюллер, Лам, Мертезакер, Кроос, Гетце, Жером Боатенг.

Гана: 
Дауда, Гьян, Атсу, Кевин-Принс Боатенг, Андре Айю, Мунтари, Рабиу, Менса, Асамоа, Бойе, Аффул.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига