Порту-Алегри қаласында Е тобының өкілдері Франция мен Гондурас құрамалары кездесті.
Француздар бірінші таймды 1:0 есебімен өз пайдаларына аяқтады. Франция құрамасының футболшылары Гондурас қақпасына екі қауіпті сәт ұйымдастырған болатын. Екеуінде де гондурастықтардың қақпасын қақпа бағанасы құтқарып қалды: Матюйди мен Антони Гризманның соққыларынан соң.
43-минутта Уилсон Паласиос өз айып алаңында Погбаға қарсы ойын ережесін бұзып, қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Кәрім Бензема 11 метрлік айып добын сауатты орындады. Қарымтасына Гондурас құрамасы ауыз толтырып айтарлық лайықты жауап қайтара алмады.
Ойынның екінші жарты бөлігінде Вальядарес өз қақпасына доп соғып алды. 72-минутта Бензема айып алаңының бір қырынан қақпаға шірене соққы бағыттаған болатын. Жақын бұрыштан бағытталған тура соққы Кәрімнің еншісіне екінші гол болып жазды.
ӘЧ-2014, E тобы, бірінші тур
Франция – Гондурас - 1:0
Карим Бензема, 45, 11 (пенальти), 72, Вальядарес, 48 (автогол)
Алаңнан қуылу: Уилсон Паласиос, 43 (Гондурас)
Франция: Льорис, Дебюши, Эвра, Варан, Сахо, Кабай, Вальбуэна, Бензема, Гризманн, Матюиди, Погба.
Бас бапкер - Дидье Дешам.
Гондурас: Вальядарес, Фигероа, Бернандес, Исагирре, Паласиос, Бенгтсон, Костли, Эспиноза, Нахар, Гарридо, Бекелес.
Бас бапкер - Луис Фернандес Суарес.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: eurosport.ru