- Негізгі бет
- ӘЧ 2014
- ФИФА Коста-Риканың топтан...
ФИФА Коста-Риканың топтан шыққанына разы емес
Аргентина құрамасының ертедегі жұлдызы ФИФА-ның Коста-риканың жеті бірдей ойыншысын допинг-бақылауға жібергенін құптамайды...
Диего Марадона ФИФА-ның шешіміне наразылығын білдіруде. Әйгілі футбол аңызы коста-рикалықтардың Италиямен кездесуде жеңісінен кейін жеті бірдей ойыншысын ФИФА-ның допинг-бақылауға жібергенін құптамайды.
ФИФА-ның ережесіне сәйкес, тестің бұл түрінен ойын соңында әр құрамадан екі адамнан ғана баруы тиіс екен.
"Бұл ережеге болмайтын жерде құртмесіздік. Неге онда допинг-бақылауға жеті бірдей италияндықты шақырмаған?
Оқиғаның бұлайша өрбуі көпшілік адамдардың Коста-Рика құрамасының мундиальда сәтті жетістігіне таңырқауынан шыққан болуы керек.
Бұл дегеніміз, әлдекімдер демеушілер уәде еткен қомақты қаржыны жоғалтып алмақ" - дейді Диего Марадона.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: isport.ua
Л. Лига